About kfm

This author has not yet filled in any details.
So far kfm has created 260 blog entries.
18 10, 2021

Ұжымымыз күшейтілді

2021-10-18T08:11:35+01:0018. октября 2021|

Жоба ұжымына жаңа қызметкер қосылды: Бақдәулет Тұрсынбай (23 жаста) ұзақ мерзімді сарапшы ретінде бірден Айнагүл Аяғанова мен Уве Веддигеге Қазақстанның солтүстік облыстарындағы 16 пилоттық шаруашылыққа кеңес беруде қолдау көрсетуге кіріседі: «Біз өзіміздің кеңес беру жұмысымызды одан әрі жандандырып, ұсыныстарымызды іске асыруға көмектескіміз келеді». Уағдаластыққа сәйкес, осы штаттық орынға жұмсалатын шығындарды жобаның серіктесі ретінде Алматыдағы Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылымы-зерттеу институты өтейді.

Бақдәулет Тұрсынбай Нұр-Сұлтан қаласындағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «агроинженерия» мамандығы бойынша оқыған. Содан кейін ол Вайенштефан-Трисдорф қаласындағы қолданбалы ғылымдар университетінде «Ауыл шаруашылығын басқару» халықаралық магистрлік бағдарламасы бойынша оқудан сәтті өтті. Содан кейін ол KAZ Chemicals Trading House және Vitaprofi GmbH компанияларында жұмыс істеді.

Жобада ол пилоттық шаруашылықтардың биологиялық және экономикалық көрсеткіштерін жинау және талдау жұмыстарымен айналысады, сонымен қатар жобаның шақыруымен келетін халықаралық сарапшыларға қолдау көрсетеді.

18 10, 2021

Мал денсаулығы-инфекциялардың алдын алу

2021-10-18T09:02:50+01:0018. октября 2021|

Табындағы малдың денсаулығындағы әлсіз жерлерді қалай анықтауға және жоюға болады? Себептері қандай және қандай құралдарды қолданып шешім табуға болады?

Қазақстанның түкпір-түкпірінен мемлекеттік және жеке ғылыми-зерттеу мекемелерінің зоотехниктері, мал дәрігерлері және ауыл шаруашылығы инженерлері Чаглинкадағы Неміс Аграрлық орталығына (НемАО) доктор Марк Хольштегпен ірі қара малдың денсаулығын нығайту бойынша шешімдерді талқылау үшін келд

НемАО директоры Олеся Кобзева неміс сарапшысы мен қатысушыларды семинарлардың басталуымен құттықтап, нақты істерге шақырды: «Жаңа фермалар сүт өндіруін бастап, осы салада жұмыс істеп келе жатқан фермалар өндірісін ұлғайтып жатыр, бірақ көбінде мал денсаулығына байланысты проблемалар кездеседі. Біз бір нәрсе істеуіміз керек!»

Ең басында мал шаруашылығы мамандары маститтің пайда болуы және бактериялық қоздырғыштардың жіктелуі туралы қызу пікірталас өткізді. «Табындағы сиырлар желінінің саулығы ең алдымен инфекцияға шалдығу жиілігін төмендету және инфекциялық процестің өту мерзімін қысқарту арқылы қамтамасыз етуге болады», — деп түсіндіреді доктор Хольштег.

Неміс ветеринары пікірі бойынша, фермадағы қауіп факторларын анықтап, оларды азайтпайса, әлсіз жақтарды талдау мүмкін емес. Сонымен қатар, патогеннің ерекшелігін ескере отырып жасалған емдеу стратегиясы, емделмейтін ауру сиырларды табынның бөліп шығару және иммунитеттің әлсіреуіне апаратын факторларды азайту да маңызды. «Оған қоса, сауу режимін және сауу техникасын, сондай — ақ дезинфекциялық құралдарды қолдануды мұқият бақылау керек»,-деді доктор Хольштег.  Одан басқа сиырлардың жайлылығы мен гигиенасына да назар аудару керек. Мал тұратын жерге қарқынды күтім жасалғаны және сиырлардың тиісті тазалығы әрқашан желіннің денсаулығына жақсы әсер етеді.

Семинарларда бұзаулар денсаулығы туралы да көп пікірталастар өтті. «Өмірдің алғашқы апталарында инфекцияларға қарсы тұру үшін қолдан келгеннің бәрін жасаңыз», — деп кеңес береді доктор Хольштег». Оның пікірі бойынша, ең жақсы гигиеналық ортада жақсы күтілген бұзаулар ғана кейін сүт көп беретін өнімді сиыр болып шығады.

Уве Веддиге, KFM жобасының жетекшісі

14 10, 2021

Желіннің денсаулығы негізгі фактор ретінде

2021-10-14T02:22:42+01:0014. октября 2021|

Сиыр сауу ұнауы мүмкін, бірақ тек сиыр желіні сау болса. Бірақ ол үшін не аса маңызды, желіннің денсаулығын қалай сақтау керек және қандай шаралар қажет?

Сиырлар желінінің денсаулығымен айналысу доктор Марк Хольштег үшін хобби болып кеткен деп айтуға болады. Мал дәрігері 15 жылдан астам уақыт бойы сүт фермаларына кеңес беріп келеді. «Желіні ауратын сиырлар аз сүт береді, оларды пайдалану мерзімі, демек, өмір бойы өнімділігі төмендейді», — дейді неміс ветеринары, оның бұл тұжырымы күмән тудырмайды.

Солтүстік Қазақстанның фермаларына кеңес беру сапары кезінде ол сауудың  гигиенасын қатаң сақтау қаншалықты маңызды екенін түсіндіріп, сауыншыларға сауар алдында емізікшелерді мұқият тазалап, сауып болғаннан кейін арнайы ерітіндіге батыру туралы ұмытпауды ескертті. Бірақ көбінесе ол сауу жабдықтарына үнемі техникалық қызмет көрсетілмейтінін байқады. «Сауу циклы, сауу вакуумы және тазарту параметрлерін реттеу сияқты сауу технологиясын үнемі тексеріп отырыңыз және белгілі мерзімнен кейін емізікше резеңкесін ауыстырыңыз»

Сарапшы саууды ұйымдастыру бойынша маңызды кеңес берді: «Желін ауруы бар сиырларды табыннан бөліп, әрқашан ең соңында сауыңыздар».

Доктор Хольштег сонымен қатар мал жататын орынға күтім жасауды жақсарту мүмкіндіктерін қарастырды: «Күн сайын сиыр жататын орынды тазалап төсейтін материалды ауыстырыңыз. Арнайы төсейтін материал қолданыңыз және орындарын үнемі әкпен зарарсыздандырыңыз». Мүмкіндігінше сиырлар сауылғаннан кейін бірден жатпағаны дұрыс. «Микробтар емізікшеге әлі жабылмаған емізік каналы арқылы оңай ене алады», деп түсіндірді ол. Сондай-ақ сарапшы азықтандыру мен қорадағы климаттың маңыздылығын атап өтті: «минералдар мен қоспалармен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етіңіз және күн жылы кезде қораны желдетіп, ауаның таза болуын қадағалаңыз».

Оқу мен білімге деген сұраныс әлсіремейді. Сондықтан KFM тобы 2022 жылы сүт өндіруге арналған басқа курстардан басқа, желіннің денсаулығына қатысты қосымша шараларды ұсынады.

Уве Веддиге, жоба жетекшісі

13 10, 2021

Тұяқ кесуден қорықпаңыз

2021-10-13T05:15:40+01:0013. октября 2021|

Сиырлар жайылымда жүргенде олардың тұяқтары әр қадам сайын қажалады, ал жұмсақ жерге басқанда олар жеңілденіп қалады. Керісінше, қорада ұсталатын мал қатты еденді басып жүреді. Жүргенде алдымен табанның жұмсақ бөлігіне, содан кейін сыртқы тұяққа, соңында ішкі тұяққа салмақ түседі. Қатты жерде тұяқ бататындай жер жоқ. «Тұяқтың ұшы аз қажалады да ұзарады, әсіресе артқы сыртқы тұяқтар салмақ түскен сайын шамадан тыс ынталандырудың арқасында өсе береді»,-деп түсіндіреді Хольгер Пловка.

Фехровтан (Германия) келген тұяққа күтім жасау бойынша сарапшы жақында сүт фермаларының мамандары мен сүт өндіру жөніндегі кеңесшілерге тренинг өткізді. Осы жұмыс сапары барысында Хольгер Пловка Қостанай, Павлодар, Акмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында болды. Ол екі жерде болашақ тұяқ күтушілеріне екі күндік тренинг өткізді, қатысушылар саны 31 адам болды. Барлық қатысушыларға сертификат берілді.

«Мен тұяққа қатысты проблемалардың көбін бокстары нашар фермаларда байқаймын», — дейді неміс сарапшысы өз тәжірибесінен. Егер сиырлардын тұрып-жатуына орыны аз болса немесе қоралар дымқыл және лас, едені қатты болса жануарлар неғұрлым ұзақ тұрады. «Ұзақ тұрып тұру — бұл тұяққа у сияқты әсер етеді», — дейді Пловка,»скрепердің жұмысындағы ұзақ үзілістердің салдарынан ластанып және дымқылданып кеткен мал өтетін жерлер де сондай әсер етеді».

Тұяққа күтім жасау туралы тренингтерге үлкен сұраныс бар. Әр қатысушының тәжірибелі тұяқшының қарауында жұмыс істеп үйренуіне жеткілікті уақыт қажет. Сондықтан екі күндік оқу курстарына 6 адамнан артық қатыса алмайды. KFM жобасы осындай тренингтер өкізуді 2022 жылы да жалғастырады.

Уве Веддиге, KFM жобасының жетекшісі

12 10, 2021

Жоғары сапалы сүрлемсіз нәтиже болмайды!

2021-10-12T08:37:07+01:0012. октября 2021|

Жүгері жинаудың оңтайлы мерзіміі қашан? Жоғары сапалы сүрлем дегеніміз не және ұсақтау ұзындығы қандай? Тығыз жабылған пленка қалай жұмыс істейді және неге бұл өте маңызды?

Ян Хендрик Пукхабер Мекленбург-Алдыңғы Померания федералды жерінің солтүстігіндегі алдынғы қатардағы сүт фермаларының біреуіндегі басқарушы ретінде жүгерімен жұмысты жақсы біледі. Ол 10 жылдан астам уақыт бойы сүт фермаларына кеңес беріп келеді. Оның негізгі бағыты — малды жемдеу.

41 жастағы фермер мен KFM жобасының командасы Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарының 8 фермасына барып қайтты. Барлық жерде астық жинау жұмыстары қызу жүріп жатты. «Көптеген мәселелер өсімдіктердің жеткіліксіз ұсақталуымен байланысты деп санаймын, астықты оңтайлы ұсақтау және егін жинау күнін дұрыс анықтау бойынша әлі де жұмыс істеу қажет», — деп түсіндіреді Ростоктан келген неміс сарапшысы. Ұсақтау ұзындығы өсімдіктің құрғақ массасының құрамына байланысты, » неғұрлым құрғақ болған сайын, соғұрлым қысқа ғып ұсақтап турау керек керек, тек сонда ғана сүрлемені жеткілікті түрде нығыздауға болады», — дейді Пукхабер. Сонымен қатар, ол тұтас жапырақтарға назар аударды: «ұсақтауға арналған пышақтар өтпейді немесе қарама — қарсы кесетін брус дұрыс реттелмеген немесе ұсақтауға арналған қондырғының өткізу қуаты тым төмен», — деп түсіндіреді ол.

Сондай-ақ, сарапшы сүрлемді нығыздау туралы маңызды кеңес берді: «осы ұсақтағыштардың қуатын есептегенде кем дегенде екі ауыр трактор пайдалану керек, олардың біреуі — итергіш пышақпен үздіксіз нығыздап тұратын трактор». Сүрлемдік алаңдарда ол қос үлдірмен қымтап жабуды көрсетті. Оттегі кірмеуін қамтамасыз ету ушін үлдірі ауа көпіршіктері болмайтындай етіп тығыз жабылыуы керек. Осыны траншеяның үстін түгел мұқият жабу арқылы жасауға болады».

Сарапшымен бірге барған осы сапар барысында оқуға деген сұраныс қаншалықты жоғары екеніне тағы да көзіміз жетті. Бірнеше басшылар семинарларды қайталауды сұрады. Сондықтан, 2022 жылы KFM ұжымы сүт өндірудің басқа курстарымен қатар жем консервілеу бойынша қосымша шараларды ұсынатын болады.

Бақдәулет Тұрсынбай

6 09, 2021

600 сүтті сиырмен жаңа бастама

2021-09-06T04:19:25+01:006. сентября 2021|

Құрылыс машиналарының гүрілі алыстан естіледі, анау алыс қашықтықтан біздің  «Прекрасное» атты Солтүстік Қазақстан облысындағы пилоттық фермамыздың жаңа ғимараттарын көруге болады. Күзде шөп өсіп тұрған жерде қазір екі сиыр қорасы мен сауу бөлмесі орналасқан. Осы апталарда жұмысшылар мал журетін алаңдары мен олардың жататын орындарын бетондайды, содан кейін қора мен сауу бөлмесінің жабдықтарын орната бастайды.

Бақыт Мәжитұлы туған ауылын жандандырғанға дейін ауылда бірде-бір тұрғын қалмаған еді. Жаңа қорадан басқа, ол ферма жұмысшылары мен олардың отбасыларына арналған онға жуық жаңа үй салды.

Жоба ұжымы сол жерде жұмыс жасап жатқан шеберлерге жобалауға қатысты кішігірім, сондай-ақ үлкен мәселелер бойынша кеңес береді. Сүтті сиырларға арналаған қора салу бойынша кеңес беруде үлкен тәжірибесі бар Уве Веддиге құрылыстың егжей-тегжейлері мен жалпы құрылыс туралы көптеген сұрақтарға жауап береді. Құрылыс қарқыны жылдам, ал әкелінетін мал экспорттаушы елде карантинге қойылған және жеткізу мерзімі жақындап келеді. «Құрылыстың осы кезеңінде монтажшыларға қойылатын техникалық талаптар күн сайын артып келеді; келесі жұмыстардың кестесін бұзбау үшін жұмысты мұқият орындау керек», — деп түсіндіреді Уве Веддиге. KFM жобасының жетекшісі және құрылыс сарапшысы кез-келген жағдайда қазір қарқынын бәсеңдетпеуге, қайта «газ бере түсуге»кеңес береді.

23 08, 2021

Жоғары сүт өнімділігі тиімді

2021-08-23T02:55:05+01:0023. августа 2021|

Жоғары сүт өнімділігі сүт өндірісінің тиімділігіне оң әсер етеді. Оған KFM жобасының пилоттық шаруашылықтарындағы биологиялық және экономикалық деректерді талдау барысында көз жетті.

Қолда бар мәліметтерге қарағанда табынның мөлшері жалпы өнімділік деңгейіне оң әсер ететіндігін көруге болады. Бұл таңқаларлық емес, өйткені ірі табындарда өндіріс технологиясы көбінесе басқа стандарттарды талап етеді. Оларға топтардың неғұрлым тұрақты қалыптасуы, демек, жануарларды жақсырақ жемдеу, сонымен қатар алдын-алу және жоспарлау шараларын жүйелі түрде жүргізу жатады. Жоғары сүт өнімділігінің табынды толықтыру коэффициентіне теріс әсері анықталған жоқ.

Жоғары сүт өнімділігі ең жақсы менеджментпен тығыз байланысты деген қорытындыға жақында шаруашылық салаларын бағалау жөніндегі сарапшы доктор Франк Везенберг (Iak Leipzig) және Уве Веддиге (KFM жобасының жетекшісі) келді. Пилоттық фермаларда алынған көрсеткіштер сүт өнімділігін арттыру өндіріс экономикасы үшін тиімді екенін дәлелдейді. Нарық көрсеткіштерінің басым үлесін — шамамен 90% — сүт сатудан түскен түсім құрайды. Сүт өнімділігін арттыру өзінің физиологиялық шегіне сиырларды өнімділік деңгейіне сәйкес жемдендіру мүмкін болмаған кезде немесе метаболизм проблемалары күшейген кезде ғана жетеді. Алайда, бұл пилоттық шаруашылықтардың ешқайсысында байқалмайды.

Жекелеген шаруашылықтар туралы деректер үшінші тұлғаларға көрсетілмейді және жарияланбайды. Алайда, алдағы бірнеше аптада жоба тобы жыл сайынғы жиналыс аясында тиісті пилоттық шаруашылықтармен бағалау нәтижелерін талқылайды және жеке іс-қимыл жоспарларын әзірлейді.

Уве Веддиге, KFM жобасының жетекшісі

14 08, 2021

Бизнес-жоспарларды талдау

2021-08-14T05:53:43+01:0014. августа 2021|

Қандай да болсын ірі ауылшаруашылық инвестицияларын қаржыландыру үшін бизнес-жоспар қажет. Консультанттар көбінесе инвестор үшін осы күрделі құжаттарды дайындайды, олардың көмегімен тиісті банкті қажетті несие беруге сендіру қажет.

Бірақ банк бұл қаржылық жоспарларды қалай бағалайды? Несие беру кезінде қандай сұрақтарға негізделген және дәлелді жауап беру керек?

Осы сұрақтарға жақында -ткен бизнес-жоспарларды бағалау бойынша тренингке қатысқан Қазақ Аграрлық несие корпорациясының (АНК) тоғыз қаржы сарапшысына доктор Тимм Георг жауап берді. Сарапшы Ганновердегі NordLB банкінде (Солтүстік Германия жерлерінің банкі) сүт фермаларын салуға және кеңейтуге несие беруге байланысты көптеген талдау және шешім қабылдау процестеріне қатысады. Оның тәжірибесі негізінде вебинар барысында жан-жақты білім беріліп, кейін нақты мысалдармен тереңдетілді. Оқу барысында қатысушылар жоспарларды жіктеу және ұсынылған құжаттарды қарастырудың әртүрлі тәсілдерін ғана емес, сонымен бірге несиелік шешімдер қабылдау факторларын да талқылады.

«Несие беру процесінде жобаның өндірістік-экономикалық табыстылығының болжамын мұқият талдамай ешбір бұлтартпайтын шешім қабылданбайды», — деп растады қатысушылардың бірі. «Ұсынылған құжаттарды талдап үнемі жаттығу  өте маңызды, өйткені олар әр инвестициялық жоба үшін жеке жасалады», — деп жал5астырды қаржы сарапшысы.

Уве Веддиге, KFM жобасының жетекшісі

1 08, 2021

Ғылым мен бизнес

2021-08-01T03:58:51+01:001. августа 2021|

«Ғылым мен бизнес бірігуде» ұранымен «Тұрақты дамуға арналған инновациялар» неміс-Орталық Азия конференцияларының сериясы Орталық Азиядағы жер ресурстарын басқаруға байланысты тақырыптық салаларда тұрақты дамуға арналған бірлескен жобалық бастамаларды ұсынады.

Екі күндік онлайн-іс-шара барысында неміс және Орталық Азия компаниялары, бизнес-қауымдастықтар, зерттеу жобаларына қатысушылар, сондай-ақ консалтингтік компаниялар ғылым мен бизнес арасындағы ынтымақтастық жобаларының нәтижелерін ұзақ мерзімді іске асыру әлеуетін талқылады. Спикерлер нақты іскерлік қатынастарды құруға көмектесетін кең ақпарат ұсынды. Алайда неміс-қазақстандық зерттеу жобалары ерекше әсер қалдырды.

LOCUST-TEC Қазақстанда шегірткемен күресу үшін инновациялық және экологиялық таза технологияларды енгізумен айналысады. Жоба химиялық пестицидтерді пайдалануды азайтуға және тиімді алдын-алу стратегияларын қолдана отырып, ауыл шаруашылығында егін шығынын азайтуға бағытталған.

Әлемдегі ең маңызды ауылшаруашылық аймақтарының бірі-Қазақстан мен Оңтүстік-Батыс Сібірдегі ReKKS жобасы аясында жер ресурстарын басқарудың және олардың климаттың өзгеруіне бейімделуінің инновациялық тәсілдері әзірленіп, енгізілуде. Сумен жабдықтау, жерді пайдалану әсері, топырақтың органикалық заттары, қоректік заттардың балансы және ауылшаруашылық технологиялары ескеріледі.

KASHEMP жобасы шеңберінде мақтаның тұрақты баламасы ретінде қазақстандық сораны/кендірді өсіру мен өңдеудің оңтайландырылған әдістері әзірленуде. Текстильді қарасора талшығы Қазақстанның жергілікті тоқыма өнеркәсібіне де, экспорттық нарыққа да балама шикізат ретінде қолданылады, сонымен бірге жергілікті құнды құруды күшейтеді.

«Сүт жобасы»да назардан тыс қалған жоқ. Жоба жетекшісі Уве Веддиге өндіріс және кеңейту саласындағы құзыреттілікті арттыру бойынша жобаның мақсаттары туралы хабарлады. Кең ауқымды кеңес беру шаралары мен тренингтерден басқа, жоба тобы сүт өндірісінің барлық бағыттары бойынша ай сайынғы ақпараттық бюллетень мен жаднамалар шығарады. Сүтті мал шаруашылығы туралы «анықтамалық құрал» жақында сүт өндірушілер мен білімді тарату бойынша мамандарға қол жетімді болады.

Уве Веддиге

29 07, 2021

Қызмет көрсету мен сату саласы үшін маңызды кезең

2021-07-29T04:02:07+01:0029. июля 2021|

Шуақты күнде көптеген қонақтардың қатысуымен Eurasia Group компаниясы Көкшетауда өзінің жаңа сервис орталығын ашты. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Айдарбек Сапаров, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев және Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса құттықтау сөзінде Қазақстанның солтүстік өңірі үшін ауыл шаруашылығының орасан зор экономикалық маңызын атап өтті. «Джон Дир американдық компания болса да, тракторлар мен машиналардың көп бөлігі Германияда Манхайм қаласындағы зауытта шығарылады», — деді Германияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Доктор Тило Клиннер. Оның айтуынша, бұл жаңа орталық Қазақстан мен Германия арасындағы өте жақсы қарым-қатынастарының белгісі болып табылады.

John Deere, JSB, Väderstad, Lindsay және Grimme ауылшаруашылық техникаларын сатуға және қызмет көрсетуге арналған әсерлі орталықтың сандық көрсеткіштері керемет: 10 гектар аумақта, 19000 м2 кедендік қойма және жабдықты сату аймағынан (13,600 м2) басқа, 13,500 м2 қызмет көрсету орталығы, агрегаттық шеберхана (450 м2) және қосалқы бөлшектер қоймасы (7,700 м2) орналасқан.

Келушілер заманауи кеңселерде және кең көрме залында қарсы алынады. Сондай-ақ, оның жанында толық жабдықталған жөндеу шеберханасы бар, бұл жерде оқыту шараларын өткізу де мүмкін. Сонымен қатар цифрландыру және автоматтандыру бойынша оқу орталығы, сондай-ақ тест-драйв үшін жеке полигон да бар.

Eurasia Group Қазақстанда 23 жылдан бері жұмыс істейді, компанияның 14 өкілдігінде 420 қызметкер жұмыс істейді. Бүгінгі таңда компания 12 000-нан астам трактор, жемшөп жинайтын комбайндар, астық жинайтын комбайндар мен топырақ өңдейтін техниканы сатты және жеткізді.

Айнагуль Аяганова, KFM жобасы жетекшісінің орынбасары

Go to Top