Сиыр сауу ұнауы мүмкін, бірақ тек сиыр желіні сау болса. Бірақ ол үшін не аса маңызды, желіннің денсаулығын қалай сақтау керек және қандай шаралар қажет?

Сиырлар желінінің денсаулығымен айналысу доктор Марк Хольштег үшін хобби болып кеткен деп айтуға болады. Мал дәрігері 15 жылдан астам уақыт бойы сүт фермаларына кеңес беріп келеді. “Желіні ауратын сиырлар аз сүт береді, оларды пайдалану мерзімі, демек, өмір бойы өнімділігі төмендейді”, – дейді неміс ветеринары, оның бұл тұжырымы күмән тудырмайды.

Солтүстік Қазақстанның фермаларына кеңес беру сапары кезінде ол сауудың  гигиенасын қатаң сақтау қаншалықты маңызды екенін түсіндіріп, сауыншыларға сауар алдында емізікшелерді мұқият тазалап, сауып болғаннан кейін арнайы ерітіндіге батыру туралы ұмытпауды ескертті. Бірақ көбінесе ол сауу жабдықтарына үнемі техникалық қызмет көрсетілмейтінін байқады. “Сауу циклы, сауу вакуумы және тазарту параметрлерін реттеу сияқты сауу технологиясын үнемі тексеріп отырыңыз және белгілі мерзімнен кейін емізікше резеңкесін ауыстырыңыз”

Сарапшы саууды ұйымдастыру бойынша маңызды кеңес берді: “Желін ауруы бар сиырларды табыннан бөліп, әрқашан ең соңында сауыңыздар”.

Доктор Хольштег сонымен қатар мал жататын орынға күтім жасауды жақсарту мүмкіндіктерін қарастырды: “Күн сайын сиыр жататын орынды тазалап төсейтін материалды ауыстырыңыз. Арнайы төсейтін материал қолданыңыз және орындарын үнемі әкпен зарарсыздандырыңыз”. Мүмкіндігінше сиырлар сауылғаннан кейін бірден жатпағаны дұрыс. “Микробтар емізікшеге әлі жабылмаған емізік каналы арқылы оңай ене алады”, деп түсіндірді ол. Сондай-ақ сарапшы азықтандыру мен қорадағы климаттың маңыздылығын атап өтті: “минералдар мен қоспалармен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етіңіз және күн жылы кезде қораны желдетіп, ауаның таза болуын қадағалаңыз”.

Оқу мен білімге деген сұраныс әлсіремейді. Сондықтан KFM тобы 2022 жылы сүт өндіруге арналған басқа курстардан басқа, желіннің денсаулығына қатысты қосымша шараларды ұсынады.

Уве Веддиге, жоба жетекшісі