Құрылыс машиналарының гүрілі алыстан естіледі, анау алыс қашықтықтан біздің  “Прекрасное” атты Солтүстік Қазақстан облысындағы пилоттық фермамыздың жаңа ғимараттарын көруге болады. Күзде шөп өсіп тұрған жерде қазір екі сиыр қорасы мен сауу бөлмесі орналасқан. Осы апталарда жұмысшылар мал журетін алаңдары мен олардың жататын орындарын бетондайды, содан кейін қора мен сауу бөлмесінің жабдықтарын орната бастайды.

Бақыт Мәжитұлы туған ауылын жандандырғанға дейін ауылда бірде-бір тұрғын қалмаған еді. Жаңа қорадан басқа, ол ферма жұмысшылары мен олардың отбасыларына арналған онға жуық жаңа үй салды.

Жоба ұжымы сол жерде жұмыс жасап жатқан шеберлерге жобалауға қатысты кішігірім, сондай-ақ үлкен мәселелер бойынша кеңес береді. Сүтті сиырларға арналаған қора салу бойынша кеңес беруде үлкен тәжірибесі бар Уве Веддиге құрылыстың егжей-тегжейлері мен жалпы құрылыс туралы көптеген сұрақтарға жауап береді. Құрылыс қарқыны жылдам, ал әкелінетін мал экспорттаушы елде карантинге қойылған және жеткізу мерзімі жақындап келеді. “Құрылыстың осы кезеңінде монтажшыларға қойылатын техникалық талаптар күн сайын артып келеді; келесі жұмыстардың кестесін бұзбау үшін жұмысты мұқият орындау керек”, – деп түсіндіреді Уве Веддиге. KFM жобасының жетекшісі және құрылыс сарапшысы кез-келген жағдайда қазір қарқынын бәсеңдетпеуге, қайта “газ бере түсуге”кеңес береді.