Жүгері жинаудың оңтайлы мерзіміі қашан? Жоғары сапалы сүрлем дегеніміз не және ұсақтау ұзындығы қандай? Тығыз жабылған пленка қалай жұмыс істейді және неге бұл өте маңызды?

Ян Хендрик Пукхабер Мекленбург-Алдыңғы Померания федералды жерінің солтүстігіндегі алдынғы қатардағы сүт фермаларының біреуіндегі басқарушы ретінде жүгерімен жұмысты жақсы біледі. Ол 10 жылдан астам уақыт бойы сүт фермаларына кеңес беріп келеді. Оның негізгі бағыты – малды жемдеу.

41 жастағы фермер мен KFM жобасының командасы Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарының 8 фермасына барып қайтты. Барлық жерде астық жинау жұмыстары қызу жүріп жатты. “Көптеген мәселелер өсімдіктердің жеткіліксіз ұсақталуымен байланысты деп санаймын, астықты оңтайлы ұсақтау және егін жинау күнін дұрыс анықтау бойынша әлі де жұмыс істеу қажет”, – деп түсіндіреді Ростоктан келген неміс сарапшысы. Ұсақтау ұзындығы өсімдіктің құрғақ массасының құрамына байланысты, ” неғұрлым құрғақ болған сайын, соғұрлым қысқа ғып ұсақтап турау керек керек, тек сонда ғана сүрлемені жеткілікті түрде нығыздауға болады”, – дейді Пукхабер. Сонымен қатар, ол тұтас жапырақтарға назар аударды: “ұсақтауға арналған пышақтар өтпейді немесе қарама – қарсы кесетін брус дұрыс реттелмеген немесе ұсақтауға арналған қондырғының өткізу қуаты тым төмен”, – деп түсіндіреді ол.

Сондай-ақ, сарапшы сүрлемді нығыздау туралы маңызды кеңес берді: “осы ұсақтағыштардың қуатын есептегенде кем дегенде екі ауыр трактор пайдалану керек, олардың біреуі – итергіш пышақпен үздіксіз нығыздап тұратын трактор”. Сүрлемдік алаңдарда ол қос үлдірмен қымтап жабуды көрсетті. Оттегі кірмеуін қамтамасыз ету ушін үлдірі ауа көпіршіктері болмайтындай етіп тығыз жабылыуы керек. Осыны траншеяның үстін түгел мұқият жабу арқылы жасауға болады”.

Сарапшымен бірге барған осы сапар барысында оқуға деген сұраныс қаншалықты жоғары екеніне тағы да көзіміз жетті. Бірнеше басшылар семинарларды қайталауды сұрады. Сондықтан, 2022 жылы KFM ұжымы сүт өндірудің басқа курстарымен қатар жем консервілеу бойынша қосымша шараларды ұсынатын болады.

Бақдәулет Тұрсынбай