Кристиана Брандес пен Зибилла Меклингхофф-Викке қатысуымен өткен KFM жобасының вебинарында басты назар құрылыс мәселелеріне бөлінді. Екі неміс сарапшысы 30-дан астам қатысушыға сүт фермаларының сиыр қора салудағы қазіргі тенденциялар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Құрылыс жобасы іске асыру кезеңіне кіріспес бұрын, көптеген аспектілерді қарастырып, дайындық жұмыстарын жүргізу қажет. Зибилле Меклингхофф-Викке құрылысқа кез-келген ірі инвестицияның негізі ретінде бас жоспардың қажеттілігі мен оны әзірлеу туралы мәселеге назар аударып, бизнес-жоспарды жасамас бұрын жеке техникалық-экономикалық негіздеме дайындауға кеңес берді.

«Ыстық жаз және суық қыс «деген тақырыппен Кристиан Брандес «сиырдың жайлылық әліппесін (ABC) » қарастырды. Үш әріп сүтті малды ұстаудың маңызды бағыттарын ескереді, олар (неміс тілінде): A = ауа, B = оттық және C = сиырларға жайлылық.

Сиырлар қорада жайылым жағдайларына ұқсас жасалған жағдайларды ұнатады: жұмсақ, құрғақ және жақсы желдетілетін орын. Жататын жері неғұрлым жұмсақ болса, сиыр соғұрлым ұзақ жата алады. Сонымен қатар, жем-шөп әрқашан жеткілікті және қол жетімді, ауа әрқашан таза болуы керек. Қазіргі заманға сәйкес сауын сиыр ұстау осы табиғи қажеттіліктер мен мал ерекшеліктеріне негізделген. Тек осылай ғана сиырлар мен жас мал өнімділіктерінің барлық кезеңдерінде өздерін жайлы сезініеді және олардың өнімділігі жоғарлай түседі.

Аграрлық несие корпорациясы қызметкерлерінің және Қазақстанның сүт өндіру бойынша кеңесшілерінің алдында сөз сөйлеген сарапшы –»сиырлар үшін жайлылық» термині Еуропада осы сарапшы арқасында белгілі болған еді — «Болашақтағы сиыр қораларын салу сиырлар үшін барынша жайлы жағдай жасалған ортаны және сонымен бірге табынды тиімді басқару мүмкіндігін білдіреді», — деп атап өтті. Бірнеше жыл бұрын бұл ноу-хау енді ғана белгілі болып еді, ал бүгінде ол сүт фермасын салу бойынша әрбір жобаның бір бөлігі болып табылады.

Уве Веддиге