Чаглинкадағы Неміс аграрлық орталығында өткен (НемАО) “Бұзаулар күндеріне” арнап Айнагүл Аяғанова мен Уве Веддиге (KFM жобасы) НемАО директоры Олеся Кобзевамен бірге қатысушылар үшін кең ауқымды тақырыптар дайындады.

Өмірдің салауатты басталуы-бұзаулардың мықты, сау және өнімділігі жоғары сиырлар болып өсуіне негіз болады. Уве Веддиге бұл тезиске күмән келтірмеді және бұзау өсіру тиімділігі мен сиырдың кейінгі сүттілігі арасындағы байланысты көрсетті.

Бұзаулаудың негізі оның алдыңдағы лактация кезеңінде жатыр. Сиыр тым семіз бе немесе тым арық па? Суалу және транзит фазалары қалай өттті? Бұзаулау алдында барлық шаралар қолданды ма? Бұзаулауға арналған орын кең және таза ма, жататын жері қалың етіп құрғақ сабанмен жақсы төселенген бе? Жануарларды үнемі қарайлауға кім жауап береді? Бұзау туылғаннан кейін қандай шаралар қолдану қажет? KFM жобасының екі сарапшысы шаралардың толық каталогын ұсынып бірде-бір сұрақты жауапсыз қалдырмады.

“Уыз бермесеңіз болмайды”, – деп түсіндірді Айнагүл Аяганова, сондай-ақ бұзауларға сүтті қалай беру жолдарын түсіндірді. Сондай-ақ, ол сүт, сүт алмастырғыш және қышқылдандырылған сүт беру артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттады. Таңдалған әдіске қарамастан, барлық бұзауларды ерте кезеңде мюсли мен шөппен қосымша азықтандыру, оларға су беру керек. Мюслиді немесе басқа қоспаларды беру көбінесе қажетті нәтиже бермейді. Бұл жерде бірнеше апта бойы сақтауға болатын құрғақ “бұзауларға арналған толық құрамды рацион” қолдану керек. Уве Веддиге осындай қоспаларды, сондай-ақ қажетті компоненттерді пайдалану және өндіру туралы көптеген практикалық кеңестер берді.

Сондай-ақ, жоба жетекшісі бұзау ұстау туралы ойландыратын көп ақпаратпен бөлісті. Иглус немесе дүнгіршек туралы сұрақтар, оттықты тазарту немесе өсіп келе жатқан бұзауларды ұстау әдістері болсын, Айнагүл Аяганова мен Уве Веддиге бұзау өсіруде табысқа жеткізетін көптеген практикалық және іс жүзінде тиімділігін көрсеткен шешімдермен бөлісті.

 

Уве Веддиге