Сиырлар жайылымда жүргенде олардың тұяқтары әр қадам сайын қажалады, ал жұмсақ жерге басқанда олар жеңілденіп қалады. Керісінше, қорада ұсталатын мал қатты еденді басып жүреді. Жүргенде алдымен табанның жұмсақ бөлігіне, содан кейін сыртқы тұяққа, соңында ішкі тұяққа салмақ түседі. Қатты жерде тұяқ бататындай жер жоқ. «Тұяқтың ұшы аз қажалады да ұзарады, әсіресе артқы сыртқы тұяқтар салмақ түскен сайын шамадан тыс ынталандырудың арқасында өсе береді»,-деп түсіндіреді Хольгер Пловка.
Фехровтан (Германия) келген тұяққа күтім жасау бойынша сарапшы жақында сүт фермаларының мамандары мен сүт өндіру жөніндегі кеңесшілерге тренинг өткізді. Осы жұмыс сапары барысында Хольгер Пловка Қостанай, Павлодар, Акмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында болды. Ол екі жерде болашақ тұяқ күтушілеріне екі күндік тренинг өткізді, қатысушылар саны 31 адам болды. Барлық қатысушыларға сертификат берілді.
«Мен тұяққа қатысты проблемалардың көбін бокстары нашар фермаларда байқаймын», — дейді неміс сарапшысы өз тәжірибесінен. Егер сиырлардын тұрып-жатуына орыны аз болса немесе қоралар дымқыл және лас, едені қатты болса жануарлар неғұрлым ұзақ тұрады. «Ұзақ тұрып тұру — бұл тұяққа у сияқты әсер етеді», — дейді Пловка,»скрепердің жұмысындағы ұзақ үзілістердің салдарынан ластанып және дымқылданып кеткен мал өтетін жерлер де сондай әсер етеді».
Тұяққа күтім жасау туралы тренингтерге үлкен сұраныс бар. Әр қатысушының тәжірибелі тұяқшының қарауында жұмыс істеп үйренуіне жеткілікті уақыт қажет. Сондықтан екі күндік оқу курстарына 6 адамнан артық қатыса алмайды. KFM жобасы осындай тренингтер өкізуді 2022 жылы да жалғастырады.
Уве Веддиге, KFM жобасының жетекшісі