Күніне үш рет сауу әдісінде сүт мөлшері туралы алаңдаудың қажеті жоқ деп жиі айтылады. Өйткені сиырды күніне үш рет сауу сүт мөлшерін көбейтетіндігі бәрімізге мәлім.

Бұл расында да мүмкін, егер сиырлар әр 8 сағат сайын тұрақты тұрде сауылатын болса ғана. Егер сауу арасындағы уақыт аралықтары біркелкі болмаса, онда сүт мөлшері кұткендей көбеймейді, керісінше азаяды. Мысалы, 1990 жылдардың аяғында Батыс Германияда жүргізілген зерттеулер сауу аралықтары 12 сағат емес, 9-дан 16 сағатқа дейін ауытқыған кезде сауудың 4% – ға төмендегенін анықтады.

Дегенмен, сиырлар әр сегіз сағат сайын сауылса да, желін толықтай босатылмаса, бұл өнімділіктің жоғарылауына әкелмейді. Өйткені альвеолярлы ингибитор дегеніміз бар. Ол тұрақты түрде болып тұрса сүт секрециясын төмендетеді. Нәтижесінде бар патогендер желінді зақымдауы мұмкін.

Осылайша, егер сіз сиырларыңыздың өнімділік әлеуетін толығымен пайдаланғыңыз келсе және желіндерінің сау болғанын қаласаңыз, сізге жиі ғана емес, сонымен қатар желінді  толығымен босатып сауу керек.

Дереккөз: “Der Hoftierarzt 6/2023”

График: KFM