Сүт өнімдерін өндіру үшін сүт зауыттары көп мөлшерде электр және жылу энергиясын қажет етеді. Алайда, осы уақытқа дейін олар негізінен табиғи газ сияқты қазба отындарын пайдаланып келеді. Жақында Мюнстер қаласындағы қолданбалы ғылымдар университетінде сүт өнеркәсібін энергиямен қамтамасыз етуді тұрақты ету бойынша “ReMolk” ғылыми жобасы басталды.

Доктор Эльмар Брюггинк бастаған топ Naarmann атты сүт зауытымен бірлесіп, қолданыстағы ауылшаруашылық қалдықтары негізінде тұрақты түрде энергиямен қамтамасыз ету тұжырымдамасын әзірлеуде. Болашақта сүт зауытының аралас жылу электр станциялары бұрынғыдай табиғи газбен емес, биогазбен жұмыс істейтін болады.

Зерттеушілер биогаз қондырғыларына назар аударып отыр. “Оларда микроорганизмдер сұйық көң, қи, шлам сияқты органикалық материалдарды, сондай-ақ тамақ өндірісінің қалдықтарын ашытады. Нәтижесінде электр және жылу өндіру үшін пайдалануға болатын метан газы пайда болады”, – дейді зерттеушілер.

Ұжым сүт өңдеу процесінде сүт зауыттарында қандай шикізат қалдықтары шығады және оларды энергия өндіру үшін қалай пайдалануға болатынын зерттейді. Сондай-ақ, сүт өндіретін кәсіпорындарда жиналатын сүйық көң, қи және өсімдік қалдықтарынан газ өндіру әлеуеті анықталады.

Зерттеушілердің пікірінше, нәтижелерді басқа сүт зауыттарында да қолдануға болады.

Уве Веддиге

Фото: Веддиге