Табындағы малдың денсаулығындағы әлсіз жерлерді қалай анықтауға және жоюға болады? Себептері қандай және қандай құралдарды қолданып шешім табуға болады?

Қазақстанның түкпір-түкпірінен мемлекеттік және жеке ғылыми-зерттеу мекемелерінің зоотехниктері, мал дәрігерлері және ауыл шаруашылығы инженерлері Чаглинкадағы Неміс Аграрлық орталығына (НемАО) доктор Марк Хольштегпен ірі қара малдың денсаулығын нығайту бойынша шешімдерді талқылау үшін келд

НемАО директоры Олеся Кобзева неміс сарапшысы мен қатысушыларды семинарлардың басталуымен құттықтап, нақты істерге шақырды: «Жаңа фермалар сүт өндіруін бастап, осы салада жұмыс істеп келе жатқан фермалар өндірісін ұлғайтып жатыр, бірақ көбінде мал денсаулығына байланысты проблемалар кездеседі. Біз бір нәрсе істеуіміз керек!»

Ең басында мал шаруашылығы мамандары маститтің пайда болуы және бактериялық қоздырғыштардың жіктелуі туралы қызу пікірталас өткізді. «Табындағы сиырлар желінінің саулығы ең алдымен инфекцияға шалдығу жиілігін төмендету және инфекциялық процестің өту мерзімін қысқарту арқылы қамтамасыз етуге болады», — деп түсіндіреді доктор Хольштег.

Неміс ветеринары пікірі бойынша, фермадағы қауіп факторларын анықтап, оларды азайтпайса, әлсіз жақтарды талдау мүмкін емес. Сонымен қатар, патогеннің ерекшелігін ескере отырып жасалған емдеу стратегиясы, емделмейтін ауру сиырларды табынның бөліп шығару және иммунитеттің әлсіреуіне апаратын факторларды азайту да маңызды. «Оған қоса, сауу режимін және сауу техникасын, сондай — ақ дезинфекциялық құралдарды қолдануды мұқият бақылау керек»,-деді доктор Хольштег.  Одан басқа сиырлардың жайлылығы мен гигиенасына да назар аудару керек. Мал тұратын жерге қарқынды күтім жасалғаны және сиырлардың тиісті тазалығы әрқашан желіннің денсаулығына жақсы әсер етеді.

Семинарларда бұзаулар денсаулығы туралы да көп пікірталастар өтті. «Өмірдің алғашқы апталарында инфекцияларға қарсы тұру үшін қолдан келгеннің бәрін жасаңыз», — деп кеңес береді доктор Хольштег». Оның пікірі бойынша, ең жақсы гигиеналық ортада жақсы күтілген бұзаулар ғана кейін сүт көп беретін өнімді сиыр болып шығады.

Уве Веддиге, KFM жобасының жетекшісі