Сенімді деректер – бұл болашақтың алтыны, соның ішінде сүт өндіру үшін де. Сондықтан зертханалық диагностика шаруашылықты күнделікті басқаруда маңызды бола түсуде. Бұл өсімдік шаруашылығы немесе сүт өндірісі болсын, сіз сүт, жем, топырақ үлгілерін зерттеуді және ветеринарлық диагностиканы білікті зертханаларсыз жасай алмайсыз. Олардың нәтижелері нақты диагнозды қоюға немесе растауға көмектеседі.

Мамырдағы бюллетень толығымен осы қызықты және перспективалы тақырыпқа арналған және онда сүт фермалары зертханалық диагностика нэтижерерін шешім қабылдау үшін, сапаны қамтамасыз ету үшін қалай қолдануға болатындығы туралы кеңестер беріледі.

Зертханалармен практикалық жұмыс істеу үшін біз топырақ пен жем сынамаларын алу бойынша қосымша жадынамаларды, сондай-ақ жоба аумағындағы зертханалардың мекенжайлары, байланыс тұлғалары және сипаттамалары бар шолуларды ұсынамыз.

Зертханалық қызметтердің сапасын қамтамасыз ету бойынша тілектер мен идеяларды жақсырақ білу үшін біз сауалнама құрастырдық, оқырмандарымыздан оны толтыруды сұраймыз.

Сауалнамаға белсенді қатысқаны үшін біздің тартуымыз бар: біз сауалнаманы толтырып, жібергендер арасында жоба есебінен үш жем және үш топырақ үлгісіне зертханалық талдау жүргізуді ұтысқа саламыз.