Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігінің жоғары дәрежелі өкілдерімен бірге «Қазақстандағы сүт өндірісін тұрақты дамыту саласындағы кәсіпорындардың құзыреттілігін арттыру (сүт өндірісі саласындағы құзыреттілікті арттыру)» неміс-қазақстандық жобасының ұжымы онлайн-конференция барысында қазақстандық сүт өнеркәсібіндегі қиындықтар мен мүмкіндіктері, сондай-ақ өзгерістер процестері туралы баяндады. Іс-шара EuroTier Digital көрмесі аясында DLG Шығыс Еуропа комитетімен бірлесіп ұйымдастырылды.

«Іс алға жылжуда», – деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры. Еркебұлан Ахметов Қазақстандағы сүт өнімдеріне деген сұраныс пен сүт өндірудің тым төмен деңгейі арасында үлкен айырмашылық бар екені туралы айтты. Сұранысты қанағаттандыру үшін Қазақстан жыл сайын 300 000 тоннадан астам сүт импорттайды. Құрылысқа рұқсат алу процедурасын едәуір жеңілдетумен қатар, жақында елімізде сүт өндірісі саласына инвестицияларды субсидиялау нормативтері едәуір көтерілді. Алғашқы жетістіктер байқалады, жаңа сүт фермаларының саны тез өсуде. Бірақ ауылшаруашылық министрлігінің сарапшысы фермаларда, сондай-ақ салалық консалтингте көптеген жерлерде тұрақты сүт өндірісі бойынша білім жетіспейтіндігін айтты.

Екі жақтық «Сүт жобасының» қызметкерлері Айнагүл Аяганова мен доктор Адил Рахимов Солтүстік Қазақстандағы ахуал, тығырықтар, ресурстар және сүт өндірісін арттыру жолдары туралы ақпарат берді. Олар ауылшаруашылығы үшін сүт фермасының қаншалықты маңызды екенін айқын көрсетті. «Табысты шаруа қожалықтары жақсы инфрақұрылыммен қамтамасыз етеді, қосымша құнды көтереді және ауылдағы өмір сапасын арттырады», – деді Айнагүл Аяганова өз сөзінде. Алайда, оның айтуынша, жемшөп пен сүт өндірісі туралы мол білім бұл табыстың алғышарты болып табылады. Доктор Адил Рахимов практикаға бағытталған оқыту және эксперименттік орталықтар бұл үшін жақсы бастау болатынын қосымша айтты. Сондай-ақ, мал шаруашылығы саласындағы сарапшы «сол білімді таратып, шоғырландырған жағдайда ғана жоғары сапалы сүт өнімдерін тиімді өндіріп малдың саулығын ескеруге болады» деп нақты айтты.