About Darigul Temirbayeva

This author has not yet filled in any details.
So far Darigul Temirbayeva has created 192 blog entries.
24 05, 2022

Жайылым: малға жеткілікті мөлшерде су беріңіз!

2022-05-24T08:56:48+01:0024.05. 2022|

Сиырларды бұзаумен бірге ұстау жүйесінде, сондай-ақ сүтті малшаруашылығында және ірі қара мал төлін өсіру кезінде жазда малды жайылымға шағару өте маңызды. Жайылымның әлеуетін жануарлардың денсаулығын жақсарту үшін пайдалана алуымыз жайылымдарды қалай басқаратынымызға байланысты.

Жалпы алғанда, жануарлардың суға деген қажеттілігі мүлдем ескерілмейді. Әсіресе жаздың ыстық күндерінде сумен қамтамасыз ету жануарлардың әл-ауқатына үлкен әсер етеді. Бұзау емізетін сиырларға 150 литрге дейін су қажет, ал ыстық күндері одан да көп су керек. Сумен жеткіліксіз қамтамасыз ету көбінесе сүттегі соматикалық жасушалардың көбеюіне әкеледі.

Малды табиғи су қоймаларына айдап суарғанды жиі көруге болады. Бұған жол бермеу керек, өйткені ол жердегі су көбінесе таза емес және паразиттермен ластанған. Одна да ашық ваннасы бар күн сәулесімен жұмыс істейтін мал суаратын құрылғылар қолайлы.

Бұл сиырларға қолайлы, олар суды тікелей су бетінен ішкенді ұнатады, өйткені су ішкен кезде олар аузын шамамен 3-4 см суға батырады. Екінші жағынан, тілшігі бар ыдыстар су ішу табиғи процесіне кедергі келтіруі мүмкін және көбінесе су жеткілікті және мол болып аға бермейді.

Уве Веддиге

Фото: KFM

 

23 05, 2022

Жем қалдықтары-онсыз болмайды!

2022-05-23T06:53:36+01:0023.05. 2022|

Азықтың мол есептелген мөлшері сиырлардың жем жеуін арттырады. Алайда, қалдық мөлшері де шығын тудырады! Алайда, жем артылуын азайту арқылы мәселенің шешілгені сирек кездеседі!

Толық аралас рационы 5% мөлшерінде артық берілу керек деп ұсынылады. Мұның қажетті шарты – күніне бір рет жаңадан жем беру және жемді үнемі ауыстыру. Егер жем жиі берілсе және жануарлар мен жемдеу орынының қатынасы 1:1 болса, есептелген жем 3% артық болуы жеткілікті. Алайда, бұл жемді қарқынды бақылаусыз мүмкін емес. Қалдық мөлшерін аптасына бір рет жазып отыру керек. Бұл жемді іріктеуге да қатысты, өйткені жем қаншама аз берілсе, сиырлар соншама көп іріктей алады!

Мал азығының қалдықтарын жас мал немесе бордақылау малына беруге болады, егер жем гигиеналық тұрғыдан мінсіз болса және күндізгі температура 20°C-тан төмен болса мүмкін.

Кәсіби мамандардың кеңестері:

– Сауын сиырларды күннің соңында және сауудан бір сағат бұрын азыққтандыру керек. Осылайша, сиырлардың барлығы дерлік сауу алдында қарқынды азықтанады, ал кейін олар сауу алдында тойып тұрады.

– Кезекті жем берер алдында соңғы үш сағат ішінде әр сағат сайын жемді сиырларға жақындатып итеріп жүріңіз. Сонымен қатар, қажет болған жағдайда жемді ертерек беру үшін күні бойы жемнің желінгенін бақылау керек.

– Аз мөлшердегі жем қалдықтары мен жаңадан араластырылған толық рацион қосылғанда сиырлардың көпшілігі жем

аралыстырғыштан жем салынған орынға ұмтылады. Сауылғаннан кейін де, барлық жануарлар қайтадан жем жеуге барады.

– Ыңғайлы жатса сиырлар жемді жақсы жейді: үлкен сиырлар бұзаулағанға дейін және одан кейін сабан төселген ыңғайлы жерде ұзағырақ жатады. Неғұрлым ыңғайлы жатқаны сиырдың жемі жеуіне оң әсер етеді.

Уве Веддиге

Фото: KFM

16 05, 2022

Дәл қазір желдеткіштеріңізді тексеріңіздер!

2022-05-16T01:47:27+01:0016.05. 2022|

Қазір температура күн сайын көтеріледі, ал аз уақыт өте келе желдеткіш юолмаса, қорада ол өте ыстық болады.

Жақсы жоспарланған желдету құрылғылары жылы, ылғалды және зиянды газдарға толы ауаны шығарып қана қоймайды, сонымен қатар жануарлардың жылу беруін жақсартады. Желдің салқындататын әсері сиырдың айналасындағы ауа жастықшасын бұзады, жылы ауа сиырдан ары бағытта өтеді де булану жылдамдығы артады. Жақсы желдетілетін сиыр қораларда сиырлардың сүт өнімділігі бір қалыпта болады; табиғи желдетілетін қораларда ыстыққа байланысты күн сайын сүт өімділігі 8 кг-ға дейін азаяды.

Ауа температурасын төмендету үшін, мысалы, 27 °C-тан 20 °C-қа дейін, жануарға бағытталған ауа ағынының жылдамдығы 2 м/с болуы керек.

5 м / с дейінгі ауа жылдамдығы сиырлардың денсаулығына қауіп төндірмейді. Сиыр тұратын жердегі ауа жылдамдығын шамамен 1 м биіктікте өлшеу мағынасы бар, желдеткіштердің көлбеу бұрышы өте маңызды: 15-25° жеткілікті болуы керек. Егер бұл бұрыш тым кішкентай болса, үлкен ауа ағыны жануарлар деңгейінен жоғары өтеді. Осы тақырып туралы толығырақ 2022 жылдың мамыр айындағы KFM ақпараттық бюллетенінен оқыңыз.

Бұл күндері толығымен шаң басқан қондырғыларды жиі көруге болады, ал кейбіреулерінде былтырдан қалған құстардың ұялары да кездеседі. Құрылғыларды мұқият тазалап, тексеретін және қажет болған жағдайда ауыстыратын уақыт келді.

Уве Веддиге

Фото: KFM

10 05, 2022

Тренинг: сиырларыңыз ақсап жүрмесін

2022-05-10T05:21:55+01:0010.05. 2022|

Малды ұстау және азықтандырумен қатар классикалық тұяқ күтімі тұяқтардың денсаулығына үлкен әсер етеді. “Ақсақ сиырлар жем-шөпті аз жейді, сүтті аз береді, оларда жүктілік сирек болады, сондықтан олар ауруға көбірек бейім”, – деп түсіндіреді Холгер Пловка. Тұяқтарды күту бойынша халықаралық сарапшы жақында KFM командасымен бірге Қазақстанның солтүстігінде тұяқтарды күту бойынша үш т екі күндік тренинг өткізді. Мақсатты оқу сабақтары барысында 40-тан астам қатысушы “Тұяқтарды функционалдық күту” әдістемесі мен тәсілдерін үйреніп, пысықтады. “Ақсақтықтың себептерін жою микробқа қарсы емдеуден гөрі маңызды. Олар көбінесе ақсақ сиырлардың денсаулығын қалпына келтіру процесін бөгеді”, – дейді Холгер Пловка. Көптеген табын менеджерлері өз фермаларында ақсақтықтың жиілігіне айтарлықтай мән бермейді, көбінесе тұяқтар күтімі аса қажет болған жағдайда ғана жасалады, мысалы, тұяқтар әбден өсіп кеткенде немесе мал қатты ақсап жүрген жағдайында. Хольгер Пловка, керісінше, барлық сиырларға жылына екі-үш рет тұяқ кесуді ұсынады. Көбінесе тайыншалардан бастау керек. Барлық сиырлардың суалтылған кезінде және лактацияның 50-ші және 100-ші күні аралығында кесте бойынша тұяқтарын кесу керек. “Қозғалысты үнемі бақылап бағалау ақсақтықты ертерек анықтауға және алдын алуға көмектеседі, ұзақ мерзімді перспективада бұл денсаулықты қалпына келтіруді жылдамдатады”, – деп кеңес береді Бақдәулет Тұрсынбай (KFM) тұяқшы мамандарға.

Қатысушылардың бірі: “Тұяқтардың денсаулығы-бұл үлкен жұмыс және ол арзан емес. Бірақ бұл сүт табынының денсаулығы мен өнімділігіне оң әсер етеді”.

Уве Веддиге

Фотo: KFM

8 05, 2022

Бұзауларға арналған сиқырлы эликсир: колострум

2022-05-08T06:10:40+01:0008.05. 2022|

Зоотехник Катя жаңа туған бұзауға үлкен шыдамдылықпен қайта-қайта уыз ішкізуге тырысады. Ол емізікті бұзаудың аузына абайлап және бірнеше рет итереді.

Уыздан бас тарту бұзаулардың деңсаулығына зиян келтіреді. Бұл ірі қара малдың жүктілігі кезінде антиденелердің анадан ұрыққа берілмеуіне байланысты. Алайда, туылғаннан кейін бұзаудың иммундық жүйесі үнемі бактериялар мен вирустарға және паразиттерге тап болады.

“Уыз құрамында өмірінің бастапқы кезеңінде бұзау үшін өте маңызды болатын энергия, ақуыз, дәрумендер, сондай ақ макро – және микроэлементтер шоғырландырған”, – деп түсіндіреді халықаралық сарапшы доктор Клин Солтүстік Қазақстандағы консультациялары кезінде. Сонымен, колострум-бұл өмірдің алғашқы кезеніндегі нағыз сиқырлы эликсир ғана емес, ол жалпы алғанда бұзау деңсаулығының негізін құрайды”. Бұл тұрғыда колострум-бұл сүт емес, бұзаудың дәрісі”, – дейді тәжірибелі ветеринар.

Бірінші күннің колострумында/уызында иммуноглобулиндердің ең жоғары концентрациясы болады. Антиденелердің концентрациясы тез төмендейді, сондықтан өмірдің алғашқы 4 сағатында бұзауға кем дегенде 4 литр колострум беру керек. Егер жаңа туған бұзау барлық шыдамдылық пен қайталанған әрекеттерге қарамастан уыз ішпесе, онда зонд арқылы беру керек. Негізі колострумды зондпен беруден аулақ болу керек, өйткені бұл процедура сүттің месқарынға немесе одан да жаманы – трахеяға түсуіне әкелуі мүмкін. Егер колострум болмай қалса немесе жеткіліксіз болса, бұрын басқа сиырлардан алынған және мұздатылып ерітілген колострум қолданылады. Уызды жеткілікті көлемде ішіп өскен бұзаулар ғана уызбен бірге сіңірген антиденелердің арқасында маңызды қоздырғыштардан жеткілікті деңгейдегі қорғанысқа ие. Бұл бұзаудың иммундық жүйесінің дамуына уақыт береді.

Уве Веддиге

Фото: KFM

5 05, 2022

Алдын алу шаралары өз жемісін береді

2022-05-05T08:53:07+01:0005.05. 2022|

Ветеринар көбінесе сиыр ауырған кезде шақырылады. Егер жануарлар мүлдем ауырмаса жақсы болар еді. Сондықтан доктор Йоахим Клин: “егер денсаулықты жақсартатын болсақ, онда малымыз өнімді де ұзақ өмір сүретін болады”, – деп кеңес береді.

Жақында жануарлар денсаулығы жөніндегі халықаралық сарапшы қазақстандық әріптесі Әсет Ерғалиевпен бірге KFM ұжымының консультативтік жұмысын қолдады. Осы екі ветеринар Уве Веддиге және Айнагүл Аягановамен (екеуі де-KFM) бірге Қазақстанның солтүстігіндегі алты пилоттық фермаға барды.

“Фермерлер теңдестірілген жем беріп көбірек сүт алғысы келеді. Бірақ көбінесе сиырлар бұзаулағаннан кейін көп ұзамай ауырады”, – деп түсіндіреді жоба жетекшісі Уве Веддиге. Осыған байланысты доктор Клин жаңа бұзаулаған сиырларды қатаң бақылаудың артықшылығын атап өтті: “Бұзаулағаннан кейін әр сиыр ерекше назар мен бақылауды қажет етеді”.

Бірақ болашақта лактация кезінде тыртықтағы рН мәніне қайта-қайта назар аудару керек. Көбінесе сиырлар тамақты қатты сұрыптайды, ал әртүрлі жем құрамы РН-да ауытқуды тудырады. Нәтижесінде көптеген жағымсыз салдары бар метаболикалық проблемалар болуы мүмкін. Шешім әрдайым бірдей жем құрамын пайдалану болып табылады. Осының арқасында табын тынышталады, құрғақ заттарды тұтыну артады, әсіресе жас сиырлардың денсаулығы жақсырақ болады. “Оттықтын қасында аз уақыт тұру тұяқтардың денсаулығына жақсы, жем де жақсы қалыпта болады, ал ашбүйір тола түседі”, – деп түсіндіреді доктор Клин.

Малды байламай ұстайтын фермалардың барлығында дерлік сиыр тұратын жерде резеңке едені бар. Оның үсті құрғақ болып тұру үшін міндетті түрде ұсақталған сабан салып қою керек. Сонда сиырлар ұзағырақ жата алады, бұл зат алмасуы жақсы болу үшін өте қажет. Доктор Клин мен Әсет Ерғалиев сиыр жататын жер құрғақ және таза болуы да ретке келтірілген сауу процесі мен техникасы сияқты желіннің денсаулығы үшін маңызды екеніне сенімді.

Уве Веддиге

Фото: KFM

3 05, 2022

Өлшеу немесе таразылау керек пе?

2022-05-03T09:48:38+01:0003.05. 2022|

Сіздердің бұзауларыңыз күніне 1000 грамнан артық салмақ қосады ма? Шындығына келгенде, сіздер жануарларға арналған таразының болмауына байланысты бұл маңызды көрсеткішті білмейсіздер ме? Балама ретінде бұл жағдайда өлшеу таспасымен де кеуде көлемін өлшеп салмағын білуге болады. Бірақ бұл шамамен 20 евро тұратын және тікелей иықтың артына, яғни алдыңғы аяқтардың артындағы ең тар жерін өлшейтін таспаларының көрсеткіштері қаншалықты сенімді?

Малдың ұсталынуы мен тамақтануы туралы мәлімет беретіндей қандай көрсеткіштер маңызды? Өмірдің алғашқы апталарында күнделікті 850 г-нан артық салмақ қосу және өмірдің 56-шы күніне қарай туғандағы салмағы екі есе көбеюі бұл жерде маңызды көрсеткіш болып табылады.

1400-ге жуық бұзауды қамтитын ауқымды зерттеуде өлшеу таспасы мен таразыны пайдалану арасындағы үлкен айырмашылықтар анықталды, әсіресе 70 кг-нан аз салмаққа қатысты. Өлшеу таспасы салмақты асыра  көрсеттті: Салмағы 60 кг бұзауларда 3,5 кг ауытқу күнделікті өсімнің шамамен 100 г айырмашылығын құрады!

80 кг салмақтан бастап, эксперимент барысында анықталған салмақта онша маңызды ауытқу болмады. Айырмашылық тек бір-екі килограмм құрады, ал күнделікті салмақ қосу кқрсеткішіне айтарлықтай әсері болмады.

Қорытынды: салмағы 100 кг-нан төмен бұзауларды өлшегенде өлшеу таспасы ұсақ бұзаулардың салмағын асырып көрсетеді және осылайша күнделікті салмақ қосу көрсеткіштерін бұрмалайды. Алайда, тірі салмағы 100 кг-нан асатын ересек бұзаулар үшін өлшеу таспасы практикалық балама болып табылады. Бұл салмақ диапазонында ауытқулар әлдеқайда аз және соншалықты маңызды емес.

Уве Веддиге  (дереккөз: proteinmarkt.de)

Фото: КFM

29 04, 2022

Бұзаулар диареясы – не істеу керек?

2022-04-29T07:57:28+01:0029.04. 2022|

Диареямен ауыратын бұзау бір литр сүт құрамындағы энергияны сіңіру үшін 10 литр электролит ішуі керек. Сондықтан диарея кезінде сүт берудіі жалғастыру керек. Алайда, электролитті сусынды сүтпен бір уақытта немесе әр түрлі уақытта беру керек пе деген сұрақ туындайды.

Келлич оқу-тәжірибе орталығында жан-жақты эксперименттердің негізінде электролит ұнтағын бұзауларға берілетін сүтте дайындау ұсынылады. Электролитті препаратты сумен араластыруға арналған мөлшерде сүтте араластыруға болады. Сүт пен электролитті сусынды бір мезгілде беру бұзаудың іш қуысында қанның ұюын бұзуы және сол арқылы диареяны күшейтуі мүмкін деген болжам мүлдем негізсіз.

Алайда, электролиттерді сүтпен беретін кезде бұзауларға кез келген уақытта судың жеткілікті болуын қамтамасыз ету қажет. Топта ұстайтын жағдайда диареямен ауыратын бұзауларға электролиттерді тікелей сүт арқылы беру жұмысты бір кезеңге қысқартуға мүмкіндік береді. Энергетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өмірдің бірінші айында сау бұзауларға күніне кемінде 7,3 литр сүт қажет. Ауру жануарлардың энергетикалық қажеттіліктері әлдеқайда жоғары. Диареямен ауыратын бұзауға күніне 6-дан 10 литрге дейін сұйықтық қажет, оны электролитті сусынның тұра осындай мөлшерімен теңелту керек. Қарапайым электролитті сусындар сұйықтық пен электролиттердің орнын толтыруға өте қолайлы. Алайда бұзаулардың бірінші күнінен бастап суды еркін ішуі өте маңызды. Диарея әдетте өмірдің 14-ші күніне дейін пайда болады. Егер бұзаулар өмірдің бірінші күнінен бастап су ішуге дағдыланған болса, олар диарея жағдайында өздерінің сұйықтық теңдестігін жақсы реттей алады. Сонымен қатар, бастапқы кезеңде суды еркін ішетін бұзаулар жемді көбірек жейді және олардың күнделікті салмақ қосуы жоғары болады.

Уве Веддиге

Фото: KFM

25 04, 2022

Сауу роботы немесе сауу залы?

2022-04-25T06:32:10+01:0025.04. 2022|

Автоматтандыру-бұл сиыр қораларына байланысты мегатренд. Көптеген фермалар автоматты сауу жүйелеріне ( АСЖ) ауысып жатыр. Бұл ретте белгіленген сауу уақыттың болмауы өте ыңғайлы, бұл көбінесе жанама немесе басқа өндіріс салаларымен айналысатын шағын шаруашылықтар үшін маңызды. Көптеген ферма басшылары робот уақытты үнемдейді, жануарларды ұстау жағдайын ыңғайлы етеді және оларды физикалық жұмыстан босатады деп үміттенеді. Тағы бір аргумент – жануарлардың денсаулығы туралы нақты мәліметтер алу мүмкіндігі.

Дегенменде, автоматтандырылған технологияларға байланысты жалған үміттер кейде ақталмайды. “Технологияларға белгілі бір жақындық болуы керек. Сонда да жануарларға күтім жасау басты міндет болып қала береді. Сиыр қора жұмыстары ешқашан өздігінен реттелмейді”, – деп түсіндіреді сауу технологиясы бойынша кеңесші. “Кәдімгі сауу жүйесімен өз табынын басқара алмайтындарға автоматты сауу жүйесін басқару одан да қиын болады”.

Автоматты сауудың үлкен шығындары да кейбір фермалардың топтық сауу залдарына оралуының себебі болып табылады. Жыл сайынғы техникалық қызмет көрсету шығындары €7,000 – дан €10,000-ға дейін, ал 10% амортизация шамамен €15,000 құрайды. Төменгі Саксонияның ауылшаруашылық палатасының бағалауына сәйкес, АСЖ бар фермалар орташа есеппен 2,6 кг/кг энергиямен түзетілген сүтке (ECM) қосымша шығындар төлеуге мәжбүр. Онда шамамен 10% уақыттың үнемделуі маңызды емес болып шығады.

Оңай шешім таңдаңыз: жалпы ұсыныстар қиын, әсіресе классикалық сауу технологиясы да көп жағдайларда мал туралы қажетті мәліметтерді тіркейтінін ескерсек. Жақсы жоспарланған топтық сауу залдары мен арзан персоналы бар және сауу ұзақтығы күніне 8 сағаттан асатын ірі фермалардың сауу шығындары сөзсіз төмен болады.

Уве Веддиге

Фото: KFM

21 04, 2022

Сиыр жататын орын: құрғақ және жұмсақ

2022-04-21T11:54:54+01:0021.04. 2022|

Жұмсақ еден жануарлардың денсаулығы үшін маңызды. Бұл дене салмағының жататын жердің бетіне біркелкі түсуінің жалғыз әдісі.

Сиыр тұрған кезде оның дене салмағының үштен бір бөлігі шынтақ буындарына түседі. Сырылған жерлердің немесе буындардың ісінуін болдырмас үшін, жататын орынның беті салмақтың біркелкі түсуін жеңілдетуі керек.

Сиырлар қалыңдығы 25-тен 50 мм-ге дейін төсеніші бар орынды жақсы көреді. Төсеніш шамамен 20 мм дей басылуы керек. Өкінішке орай, кеңінен қолданылатын асты поролон төсеніштер бірнеше жылға ғана жарайды; корпусы қуыс резеңке төсеніштер әлдеқайда берік. Сондай-ақ, төсеніштер жылыны жақсы сақтайтын болуы керек.

Төсеніш салмаса болмайды! Нәжістің және зәрдің қалдықтарын байланыстыру үшін жыл бойы қораға төсеніш салуды ұмытпаңыз. Ұсақталған сабанды қолданған дұрыс, бірақ ұзыны да жарайды. Үгінділер көбінесе үлкен бөлшектердің әсерінен денеге батады.

Аздап ылғалданған ұсақтап кесілген сабан мен ұсақталған әк (CaCO3) қосындысы әсіресе тиімді екен. Алайда, төсеніш ешқашан оған қол тигізгенде ылғал сезілетіндей ылғал болмауы керек,. Көгерген немесе шаңды сабан партияларын пайдаланбаңыз. Сиыр жататын жерді күніне кемінде екі рет тазалаңыз және әрдайым жаңа төсеніш төсеңіз.

Алдымен, бұл жүйені бүкіл кәсіпорын үшін стандарт ретінде еңгізер бұрын, қораның жеке бөліктеріндегі көң тазалау техникасының функционалды сенімділігін тексеріңіз.

Уве Веддиге

Фото: KFM