Сүт алмастырғыштың күнделікті мөлшері күніне кемінде 1000 г болуы керек! Бірақ ұнтақтың мөлшері ғана емес, концентрациясы бұзаудың денсаулығы мен дамуына айтарлықтай әсер етеді. Қаймағы алынбаған сүт және сүт алмастырғыш (ZSM) бір мақсатқа қызмет етсе де, олар көптеген жолдармен ерекшеленеді.

1 литр сүт шамамен 87% судан және 13% құрғақ заттар мен қоректік заттардан тұрады. Қаймағы алынбаған сүттегі және сапалы сүт алмастырғыштардағы қоректік заттардың, энергияның және ақуыздың құрамын салыстыра отырып, 1 литр таза сүттің қоректік құндылығына қол жеткізу үшін шамамен 13% құрғақ зат 150 г жоғары сапалы сүт алмастырғыш қажет деп айтуға болады. Сонымен, дайын сусынның 1 литріне 850 г су мен 150 г ұнтақты қолдану керек.

Қыста “суыққа байланысты қосымша” туралы ұмытпаңыз! Бұзаулардың тұғанынан 3 аптаға дейінгі мерзімінде қоршаған ортаның температурасы 15°C-қа дейін немесе 3 аптадан кейінгі мерзімде 5°C-қа дейін төмендесе, бұзаудың энергияға деген қажеттілігі шамамен 30% артады. Сондықтан күніне бұзауға кемінде 250 г сүт алмастырғыш беру керек.

Судың температурасын бақылаңыздар! Тек белгіленген температурада компоненттер араласып, тұрақты және оңай сіңетін сұйықтық жасалады. Өндірушінің нұсқауларын орындаңыздар.

Бақылауды ұмытпаңыздар! Қоспаны стаканға толтырып, компоненттердің тұнба болып қалмайтынын бақылаңыздар.

Сондай-ақ, сіздер бұл кеңестерді “Бұзауларға сүт алмастырғышты дұрыс беру тұралы” атты KFM жаднамасында оқи аласыздар (орысша).

Уве Веддиге