Салалық серіктестер
Мал шаруашылығының ғылыми-инновациялық орталығы (НИЦ Жив)
Нұр-Сұлтанда орналасқан Мал шаруашылығының ғылыми-инновациялық орталығы ауылшаруашылық малды өсіру және өсіріп-өндіру бойынша қызметтер, сүт және жем-шөп сапасын талдау, жаңа технологияларды практикаға енгізу бойынша қызметтер көрсетеді, сондай-ақ сүт және мал шаруашылығы саласында кеңес беру мен оқытумен айналысады. Қазіргі уақытта орталықта 43 қызметкер жұмыс атқарады, оның құрылымында үш бөлім бар: мал шаруашылығы, сүт және жем сапасын талдауға арналған зертхана және колл-орталығы бар IT-бөлімі. Мал шаруашылығының ғылыми-инновациялық орталығы туралы қосымша ақпаратты осы сайтта табуға болады:
Аграрлық несие корпорациясы (AКК)
Жоба Аграрлық несие корпорациясының сүт фермаларына несие берумен айналысатын қызметкерлерінің біліктілігін арттыруда қолдау көрсетеді. Аграрлық несие корпорациясы «ҚазАгро» мемлекеттік холдинг компаниясының 100% еншілес компаниясы болып табылады және коммерциялық банк, сондай-ақ даму банкі ретінде әрекет етеді. Екі функцияда Аграрлық несие корпорациясы Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігінің салалық бағдарламаларын қаржыландырады. Жоба қаржылық консалтинг саласында қызметкерлерді оқыту үшін құрылған Аграрлық несие корпорациясының Агробизнес орталығымен тығыз байланыста. Аграрлық несие корпорациясының негізгі міндеттерінің бірі кредит беруге байланысты тәуекелдерді төмен деңгейде ұстап тұру және өтеу үлесін арттыру болып табылады. Сүт секторына инвестициялар бойынша бизнес-жоспарларды бағалау бойынша біліктілікті дамытудан басқа, екіжақты жоба шеңберінде біліктілікті дамытудың маңызды аспектілері инвестициялық тәуекелдерді басқарудың басқа да аспектілері болып табылады.
AКК туралы қосымша ақпаратты мына сайтта табуға болады:
Сүт фермалары
Біліктілікті дамыту үшін ең көп дегенде 500 сүт сиыры бар іріктелген, тұрақты сүт өндіруді инвестиция арқылы кеңейткісі келетін немесе инвестициялық іс-шараларды бастаған шағын және орта сүт фермалары (пилоттық шаруашылықтар) біліктілігін дамыту үшін бастапқы нүкте болып табылады. Бұл өндірісн кеңейткісі келетін жұмыс істеп тұрған сүт фермалары немесе салалық бағдарлама шеңберінде құрылатын жаңа нысандар болуы мүмкін.
Ірі қара малдың сүт және аралас тұқымдарының Республикалық палатасы
Палата осыдан 7 жыл бұрын құрылған және құрамында жүздеген мал шаруашылығы фермалары бар. Қауымдастықтың орналасқан жері Нұрсұлтан қаласы. Әдетте, қауымдастық мүшелері 30-дан 5000-ға дейін сүт сиырын ұстайды. Қауымдастықтың 60-қа жуық мүшелерінің фермаларында 600-ден астам сиыр бар. Қауымдастық қызметтері селекциялық жұмыста кеңес беруге бағытталған.
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2013 жылы коммерциялық емес ұйым ретінде құрылды. Атамекен Үкіметпен және мемлекеттік органдармен қарым-қатынаста іскерлік ортаның мүддесін білдіреді. «Атамекен» платасының негізгі міндеті кәсіпорындардың құқықтары мен мүдделерін қорғау және барлық кәсіпкерлерді бизнесқа байланысты заңнамалық және басқа да реттеуші ережелерді қалыптастыру процесіне тарту болып табылады. «Атамекен» қызметі отандық және шетелдік инвесторлар үшін іскерлік және инвестициялық ахуалды жақсартуға, елдегі іскерлік ортаның тұрақтылығы мен дамуына бағытталған. Атап айтқанда, жоба «Атамекен» палатасының Қазақстанның сүт саласының мүддесін білдіретін комитетпен ынтымақтастықта.
Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігі «Атамекен» семинарларының бағдарламасына жыл сайын бюджет бөледі. Жоба аясында «Атамекен» палатасымен бірге сүт саласы тақырыбы бойынша семинарлар мен іс-шаралар өткізу жоспарлануда.
«Атамекен» туралы толығырак мәліметті осы жерде таба аласыз:
Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы (НАНОЦ)
Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы (НАНОЦ) Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігінің құрамына кіреді. 2016 жылдан бастап НАНОЦ құрамына үш қазақстандық аграрлық университет (Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Оралдағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университеті және тек Нұр-Сұлтанда Қазақ аграрлық техникалық университеті), сондай-ақ 23 ғылыми-зерттеу институты мен 17 эксперименттік станция кіреді. НАНОЦ осы білім беру және зерттеу мекемелерінің стратегиялық бағыттылығына жауап береді.
Жоба НАНОЦ орталығымен, атап айтқанда, білім беру және сүт саласындағы жаңа білімді тарату саласында ынтымақтастықты көздейді.
Қазақстандағы Неміс аграрлық орталығы (НАО) және Қазақстандағы қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы әдістері мен технологияларын тұрақты дамыту қауымдастығы (AMTK)
Неміс аграрлық орталығы Қазақстан үшін жаңа кәсіби оқыту тұжырымдамасын ұсынады. Германияның DEULA атты табысты тұжырымдамасын негізге ала отырып, 2011 жылдың күзінен бастап Неміс аграрлық орталығы ауыл шаруашылығы саласындағы мамандар мен менеджерлерге арналған кең көлемді курс пен біліктілікті арттыру бағдарламасын ұсынады.
Оқу іс-шаралары мен курстардың базалық бағдарламасы қазақстандық ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қызметкерлері үшін ауыл шаруашылығы өндірісінің барлық бағыттары бойынша тәжірибеге бағытталған оқу курстарының базалық бағдарламасы болып табылады. Жеке модульдердің модульдік құрылымы арқасында жаңа әзірлемелерге оңай және икемді бейімделінетін арнайы білімнің кең спектрі берілуі мүмкін. Семинарлар мүмкіндігінше ауыл шаруашылығындағы ең үлкен жұмыс кезеңдерінен тыс уақытта ұсынылады.
Неміс аграрлық орталығы 2020 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстандағы қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы әдістері мен технологияларын тұрақты дамыту қауымдастығының (AMTK) қамқорлығымен және Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығымен (НАНОЦ) ынтымақтасып жұмысын жалғастыруда.
Осы орталық туралы қосымша ақпаратты мына сайтта табуға болады:
Германия мен Қазақстан арасындағы аграрлық-саяси диалог (АПД)
Германия мен Қазақстан арасындағы аграрлық-саяси диалог (АПД) неміс және қазақстандық ауыл шаруашылығы секторлары арасында алмасуға ықпал етеді. Неміс және еуропалық тәжірибе Орталық Азиядағы қазіргі заманғы және ресурс үнемдеуге бағытталғын ауыл шаруашылығы саясатын дамытуға жағдай жасау мақсатында пайдаланылады.
АПД тәсілі қазақстандық серіктестердің мүдделеріне және ұлттық және халықаралық ауыл шаруашылығы саясатының міндеттеріне бағытталған.
Ынтымақтастықтың өзекті тақырыптары:
- Органикалық ауыл шаруашылығы
- Ауыл шаруашылығын қаржыландыру
АПД туралы қосымша ақпаратты мына сайтта табуға болады: