.

Қазақстанда сүт өндіруді тұрақты дамыту саласындағы кәсіпорындардың біліктілігін арттыру

Жобаның мақсаты жеке (пилоттық) сут фермаларының мамандары мен жетекшілерінің, сонымен қатар жергілікті кеңес беру қызметтерін көрсететін және мамандандырылған мекемелердің біліктілігін арттыру болып табылады. Сонымен қатар пилоттық фермаларға олардың өндірісін ұзақ мерзімді келешекте ұлғайту үшін қазіргі заманғы, тұрақты және малға жайлы жағдай жасауға бағдарланған сүт өндіру жұйелерін дамытуға бағытталған инвестицияларды жоспарлау және жүзеге асыру бойынша ұсыныстар беріледі. Одан басқа мамандардың көпшілігін сүт өндірудегі қазіргі технологиялар мен жүйелермен таныстыру жоспарланып отыр, ал жоба нәтижелері Қазақстан Ауылшаруашылығы министрлігінің сүт өндіру саласын дамыту бағдарламасын әзірлеуде ескерілуі тиіс.

  • Фермерлік шаруашылықтардың деңгейінде мониторинг тұжырымдамасын әзірлеу және пилоттық шаруашылықтары мен кеңес беру мекемелерінің сарапшылары мен басқарушыларының мамандандырылған біліктілік дағдылары деңгейін өлшеу;
  • Пилоттық фермалар мен кеңес беру мекемелердің мамандары мен басқарушыларына арналған оқыту тұжырымдамасын әзірлеу және жүзеге асыру;
  • Қазақстандық мамандар мен пилоттық кәсіпорындар мен әріптес мекемелер мамандары мен басшылары үшін арнаулы ақпараттық сапарларды ұйымдастыру;
  • Арнаулы семинарлар, практикалық курстар және жыл сайынғы демонстрациялық күн өткізу, сондай-ақ Германияда тағылымдамалар/оқу курстарын ұйымдастыру;
  • Фермерлік шаруашылықтарға талдау жасау және үйлестіру, сондай-ақ фермаларда практикалық консультациялық қызмет көрсету;
  • Жобаның веб-сайтын әзірлеу мен қолдау және қатысушы пилоттық фермалар үшін коммуникациялық платформа құру;
  • Жоба туралы ақпаратты тарату бойынша арнайы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.