Өзекті – жаңалықтар мен шаралар
Микотоксиндер: сиырларға ол у!
Қазақстанның көптеген фермаларында көгерген сүрлем кездеседі. Алайда, көбінесе шаруа қожалықтарының басшылары мұндай көгерген партиялардың зиян келтіруі мүмкін екенін мойындамайды. Кейбір саңырауқұлақшалар өсімдіктерді далада, басқаларын тек қоймада зақымдайды. Сондықтан әртүрлі саңырауқұлақшалардың және олардың токсиндерінің (микотоксиндердің) пайда [...]
Қабынуды жылдам анықтау
Сауын сиырларда субклиникалық немесе созылмалы қабыну болуы мүмкін, оның белгілері бірден айқын бола бермейді. Алайда, бұл көбінесе жануарлардың денсаулығы мен әл-ауқатына теріс әсер етеді. Диагностикаға арналған қарапайым тест қабынуды ерте анықтауға көмектеседі және осылайша сиырлардың [...]
Негізгі азық көбірек — концентраттар аз
Негізгі азықтың жоғары өнімділігі экономикалық тұрғыдан тиімді, ал жоғары сапалы азықты сатып алу жоғары шығын талап етеді. Біздің бағалауымыз бойынша Қазақстанның барлық өңірлерінде негізгі азықтың өнімділігі 4.000 кг-нан астам болуы мүмкін. Өнімділігі жоғары негізгі азық [...]
Негізгі тақырыптар
Консалтинг

Мамандарды өндірістен қол үзбей қарқынды оқыту (коучинг) шаруашылықтар деңгейіндегі консалтингтың өзегі болып табылады.
Оқыту

Өндірістік және қаржылық консалтинг саласының мамандары институционалдық деңгейде кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында оқыту іс-шараларына қатысады.
Инвестициялар мен субсидиялар

Жоба құнды жасау тізбегінің барлық кезеңдерінде инвестициялық консультациялар береді, атап айтқанда, нарыққа бағдарланған отбасылық фермерлік шаруашылықтарға (натуралды шаруашылықтар ға емес) бағытталған.
Екіжақты ынтымақтастық
Германия мен Қазақстан арасындағы «Қазақстанда сүт өндіруді тұрақты дамыту саласындағы кәсіпорындардың біліктілігін арттыру» жобасы тұрақты, өміршең азық-түлік жүйелеріне трансформация контекстінде техникалық және саяси тәжірибе, перспективалар мен саясатты екіжақты алмасу құралы болып табылады. Біздің ортақ мақсаттарымыз: азық-түлікке қол жеткізу құқығын іске асыруға жәрдемдесу, климаттық әділеттілік және азық-түлік қауіпсіздігі мен жұмыспен қамту перспективаларын қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығы және азық-түлік экономикасын құру болып табылады. Қазақстан да, Германия да жаһандық жеткізу тізбегіне, әртүрлі ауыл шаруашылығы құрылымдарына, белсенді азаматтық қоғамға және ғылыми сараптаманың жоғары деңгейіне біріктірілген қуатты ауыл шаруашылығы секторына ие. Екі елдегі тиісті тараптар ашық және объективті диалогты тереңдетуге мүдделі, өйткені азық-түлік және ауылшаруашылық саясатының міндеттері көбінесе аймаққа байланысты және жаһандық өзара байланысты деп түсініледі және тек ынтымақтастық пен өзара түсіністікте шешілуі мүмкін.