Калифорниялық мастит тесті, сондай-ақ Шальм тесті деп аталады, сауу залында немесе тікелей сиырдың жанында тұрып бірнеше секундтан кейін сүттегі соматикалықалық жасушалардың болжалды мөлшерін көрсетеді.

Сүттің өзінде ешбір өзгеріс байқалмаса да, соматикалық жасушалардың саны көбейіп, субклиникалық мастит болуы мүмкін. Қабыну неғұрлым күшті болса, сүт пен реактив қоспасы соғұрлым тұтқыр болады.

  • Сиырды саууға дайындап, бірінші cүтін сауып тастау керек. Содан кейін желіннің әрбір емшегінен сүтті тест пластинасының төрт бөлек шұңқыршасына бөлек-бөлек сауып аламыз. Бір шұңқыршадағы сүт басқадағымен араласып кетпейтіндей абайлап сауып алыңыз.
  • Екінші кезеңде шұңқыршаны ақырын еңкейтіп, артық сүтті белгіге дейін төгіп тастаймыз.
  • Маңызды: төрт шұңқыршадағы сүт бір-бірімен араласпауы керек.
  • Ағызғаннан кейін әр шұңқыршаға бірдей мөлшерде реактив құйыңыз. Сүт пен реактив мөлшері мүмкіндігінше бірдей болуы керек.
  • Тест пластинасын баяу айналдыра отырып, оны көлденең ұстап тұрып, шұңқыршалардың ішіндегісін мұқият араластырыңыз. Ағуындағы айырмашылықтар субклиникалық мастит барыні көрсетеді.

Әрбір желіннің қабынуын міндетті түрде антибиотиктермен емдеу қажет емес. Экспресс-тест арқылы мұндай дәрі-дәрмекті қажет етпейтін сиырларды анықтауға болады. Осы тақырып бойынша KFM жобасының Калифорниялық тест туралы жадынамасын оқыңыздар.

Уве Веддиге

Фото: Шальма тесті көмегімен сүт сынамасындағы соматикалық жасушалардың санын бағалауға болады. © Ветеринарлық медицина докторы Фридерике Райнеке