Көптеген табындарда бұзаулардың бір-бірін соруы үлкен проблема.Бұзау қорада сыртқы қоздырғыштардың аз болғандығынан бұзаулар көбінесе бір-бірін сору немесе қора жабдықтарын жалау сияқты жағымсыз қылық көрсетеді . Ойын материалдары жас жануарлардың әл-ауқатын жақсартады және қылық-әрекетіндегі ауытқуларын азайтуы мүмкін.

Камералардың көмегімен жануарларды бақылау аясында бұзаулар сүтпен азықтандыру кезеңінде аптасына бірнеше рет бейнеге түсірілді. Эксперимент барысында ойын материалдарын пайдалану, азықтану мен су ішу кезіндегі белсенділік, сондай-ақ әлеуметтік қылықтар және қылық-әрекетіндегі ауытқулар бақыланды.

Іші шөпке толған доп жануарлар үшін ең тартымды ойыншық болып шықты, өйткені онымен ойнау барысында сапалы шөп жеу мүмкіндігі оларда жақсы әсер қалыптастырды, ал қарағай бұтақтары екінші орынға ие болды. Кірпі түріндегі емізік жануарларды қызықтырмады, өйткені ол жеуге келмейтін материалдан жасалған.

Ойын материалдары қолданылған тәжірибелік топтың бұзаулары жем-шөп пен суды жиі тұтынған, ал басқа бұзаулардың желін аймағына жанасу жиілігі бақылау тобына қарағанда 10 есе аз болған. Сол сияқты, қора жабдықтарының бөлшектерін жалау жиілігі бақылау тобына қарағанда 50% аз болды.

Бұл тәсіл қосымша жұмыс талап етсе де, бұзаулардың жақсы өсуіне ықпал етеді, шығындар артығымен өтеледі. Көбінесе кейін өкінішті болатыны, желін зақымдалуы, дүрыс қалыптаспауы, төрт емшектің орнына үш қана емшек саууға жарамды болып, соның салдарынан сүттің аз болатындығы.

Ойын материалдарын пайдалану жануарлардың денсаулығы мен өсуін жақсартуға, демек, бұзау ұстау тұрақтылығын арттыруға ықпал етеді.

Уве Веддиге

Фото: Ойын материалдары — бұзауларға тиісті орта қалыптастырудың тиімді құралы. © Weddige