Әрбір малшы аурудың белгілерін біледі: сиыр әлсіз болады, мүлдем азық жемейді, ашбүйір бос, месқарың моторикасы төмен болады. Температура жоғары болуы мүмкін, бірақ төмен болуы да мүмкін. Бірмезгілді метрит кезінде әрдайым дерлік жоғары температура байқалады.
Бұл ауру қандағы кальций мен фосфордың аздығының салдары болып табылады. Қандағы кетон денелерінің мөлшері көтеріледі, кейбір жағдайларда 5,0 ммоль/л-ден жоғары болып кетеді, қалыпты көрсеткіші 1,2 ммоль/л дейін болуы керек.
Кетоз тестi бұзаулағаннан кейiнгi 10-шы және 20-шы күнi стандартты шара болып саналады:
- 1 литр қанда 1,2 ммольға дейінгі көрсеткіші қалыпты болып саналады.
- 1,2 ммоль/л — 2,5 ммоль/л дейінгі көрсеткіш субклиникалық аурудың көрінісі болып табылады. Бұл жағдайда пропиленгликоль немесе энергетикалық болюс беру жеткілікті.
- Көрсеткіш 2,5 ммоль/л жоғары болса дереу шара қолдану керек. Глюкоза инфузиясын міндетті түрде жасау қажет, көбінесе қосымша ауырсынуды басатын дәрілерді беру керек. Сонымен қатар, бастапқы ауруды анықтап, емдеу қажет.
Алдын алу: жануарлардың бұзаулау кезінде оңтайлы физикалық формада болуы маңызды. Ауруға бейім сиырларға дайындық кезеңінде-ақ күніне 150-ден 250 мл-ге дейін пропиленгликоль беру керек.
Кетоз тесті — жаңадан сүт бере бастаған сиырларды бақылаудың маңызды шараларының бірі. Сенімді нәтиже алу үшін әрдайым әр малды қатарынан бірнеше рет тест арқылы тексеру керек.
Уве Веддиге
Фото: Кетозды анықтайтын экспресс-тест арқылы құйрықтың жоғары жағындағы тамырынан алынатын қанды бірнеше рет тексеру ұсынылады. © KFM