Әсіресе суық және ылғалды айларда бұзаулардың алғашқы күндеріндегі денсаулығы ойластырылған менеджментке көп байланысты. Жануарлардың денсаулығы мен төзімділігінің негізі болып табылатын келесі сегіз шараға назар аударыңыздар.
- Алғашқы сәттен бастап жылы ұстау: туылғаннан кейін бұзауды дереу және мұқият құрғатып, жылытқыш камерасын пайдалану арқылы бұзауға уызды ішу және сіңіру үшін қажетті энергия жоғалмауына жағдай жасалады.
- Иммундық жүйені нығайту: әсіресе қыста бактериялық жүктеме жоғары болған кезде жаңа туған бұзаулардың диареяның типтік қоздырғыштарына қарсы тұра алатын сенімді иммундық қорғанысы маңызды. Мұндай қорғауды қамтамасыз етудің ең тиімді жолы — аналық сиыр уызы. Уыздың сапасын мақсатты түрде сиырды төлдер алдында вакцинациялау арқылы жақсартуға болады.
- Уыз қорын жинап қойыңыздар: қыста уыздың сапасы айтарлықтай өзгеруі мүмкін. Жоғары сапалы мұздатылған уыз қоры (> 25% BRIX) әрбір жаңа туған бұзаудың оңтайлы азықтандырылуын қамтамасыз етеді, тіпті анасынан жеткілікті мөлшерде немесе жоғары сапалы уыз ала алмасақ да.
- Қажетті энергиямен қамтамасыз етіңіздер: суықта энергия қоры айтарлықтай азаяды. Қысқы суықта бұзаудың тіршілік әрекетін сақтау үшін қажет болатын энергия мөлшері 20% — ға дейін артады. Сүт алмастырғыштың концентрациясын 20%-ға арттырыңыз. 40 ° C-қа дейін жылытып берілетін су бұзаудың энергетикалық теңгеріміне деген қосымша жүктемені азайтады.
- Қосымша азық туралы ұмытпаңыздар: бұзауларға арналған балғын мюсли немесе бұзауларға арналған TMR өмірінің 3-ші күнінен бастап месқарынның ерте дамуын ынталандырады.
- Микробтардың таралуына жол бермеңіздер: шелектер, емізіктер мен астауларды күн сайын тазалау керек. Бұзау жататын иглустарды немесе бокстарды пайдаланғаннан кейін мұқият тазалап, дезинфекциялау керек.
Ескерту: суықта кейбір дезинфекциялық заттардың тиімділігі төмендейді.
- Ауруларды уақытында анықтаңыздар: жүріс-тұрысындағы өзгерістерге, диареяның басталуына немесе респираторлық аурулардың алғашқы белгілеріне назар аударыңыздар. Ауруды неғұрлым ерте анықтасаңыз, соғұрлым тез және тиімді шаралар қабылдай аласыз.
- Тиімді микроклимат құруға тырысыңыздар: қалың құрғақ сабан төсеніші астыдан келетін суықтан қорғайды, бұзау жатқан жерді суық желден қорғаңыз. 5 °C-тан төмен температурада бұзауларға арналған көрпешелер жылу шығынын азайтатын және энергия балансын сақтайтын тиімді құрал.
Сондай-ақ, KFM жобасының «Бұзауларға арналған төсеніш қалындығын бағалау» және «Бұзауларды қыста өсіру» атты тегін жадынамаларын оқыңыздар.
Уве Веддиге
Фото: © KFM