Суық қыстың ерте келуі Қазақстанда қалыпты жағдай болып саналады. Дегенмен, әрбір шаруашылық суық мезгілге дайындалып, сол арқылы бос әуреге түспеу амалын жасап қоюға болады.

Қыста көбінесе су құбырлары қатып қалады, ал сауын сиырлар үнемі таза сумен қамтамасыз етілуі керек. Суды үнемі жылытып, оның ағынын қамтамасыз ететін арнайы сорғылары бар циркуляциялық жүйелер өздерін жақсы көрсетті. Егер циркуляция мүмкін болмаса, астауларда орнатылған қарапайым биметалл клапандар үнемі суды ағыздыру арқылы қатып қалу қаупін азайта алады. Бірақ мал қорада көктайғақ пайда болмайтындай етіп, артылған суды бұрып әкету жолын қарастырып қою керек.

Сауу залдары да суып кету қаупі бар. Жаңа сүт сауу орталықтары көбінесе жылы ауамен жылыту жүйесімен көмектеседі. Әсіресе, сауу аралығындағы үзілісте сауу залын суып кетпейтіндей етіп жылытылуы керек. Терезелер мен есіктер жабық болуы керек, ал сиырлар сауылар алдында жиналып тұратын жерде жылу сақталандай жалюзи қолдануға болады. Сиырларға суық қатты әсер етпейді, бірақ сауыншылар үшін жылы жерде жұмыс істеу әлдеқайда ыңғайлы.

Қыс түспей тұрып, сиыр қоралардағы перделердің жабылуы және ашылыун тексеру керек. Қатты аяз бен желді күндері олар оңай жабылуы керек. Жылы күндері олар бөлмедегі артық ылғалды кетіру үшін де оңай ашылуы керек.

Ұзаққа созылған аязда жолдардағы көңді шығаратын скреперлер жиі қатып қалады. Бұл жағдайда антифриздік құрылғыларды қолданған жақсы, онда скреперлер жұмысында үзілістер қысқа болады. Дегенмен, клапандардың қатып қалуы көбінесе техникалық қызмет көрсету мен бақылау шығындарының артуына әкеледі. Төтенше жағдайларда жолдардағы мұзды тұз сеуіп ерітуге болады. Жануарлар тайғақ еденде көп қозғала алмайды, сондықтан алдарында әрдайым жеткілікті мөлшерде азық болуын қадағалаңыздар.

Уве Веддиге

Фото: © KFM