Қазақстанда 600 және одан да көп сауын сиырға арналған жаңа қоралар көп салынады. Сиыр қораларын жобалау кезінде әрқашан оттық/астау алдындағы қоршау түрін таңдау мәселесі туындайды.

Біріншіден, өздігінен жабылатын қоршау /хедлок қарапайым мойын шектегішіне қарағанда әлдеқайда қымбат. Сонымен қатар, хедлок, әсіресе ол тым жоғары немесе тым төмен орнатылса, азыққтануға кедергі келтіруі мүмкін. Екінші жағынан, сиырларды азықтандыру аймағында бекітіп қоюға болады, бұл, мысалы, табынды вакцинациялау кезінде ыңғайлы. Сонымен қатар, бұл, әсіресе, қашарлар арасында жиі байқалатын бір-бірін ығыстыру жағдайын болдырмайды.

Хедлок іріктеу және емдеу  шаралары өтетін жерде таптырмас құрылғы болып саналады. Тіпті сабан төселген жерде ұсталатын топтарда да әрдайым жануарларды сенімді бекіту үшін бірнеше хедлок орнату керек.

Бастапқыда хедлок орнатылмаса да, қажетті бағаналар құрылыс кезеңінде-ақ бетондалуы керек. Өнімділігі жоғары сиырлар мен жаңа бұзаулаған сиырлар тобында қарап-тексеру және емдеу шаралары жиірек жүргізіледі. Бұл жерде хедлок өте пайдалы. Керісінше, лактацияның соңғы кезеңіндегі сиырлар мен бұзаулары емшектен енді айырылған сиырларға хедлок қажет емес.

Дұрыс өлшемдерге назар аударыңыздар (сурет): мойынды бекітуге арналған құрылғы биіктігін мына формула бойынша оңай есептеуге болады: 0,9 х жануарлардың шоқтығының орташа биіктігі.

Мал жемшөпті көп жеуі үшін азықтандыру орнын дұрыс ұйымдастырудан да маңызды фактор – оттықта/азық үстелінде жемшөптің үнемі бар болуы және сол азықты мал іріктей алмайтындай болуы. Әйтпесе, азық үшін бәсекелестік едәуір күшейіп, әр сиыр әртүрлі рационмен қоректенеді.

Уве Веддиге

Сурет: © KFM 2024