A2 сүті немесе «тұмса сүт» деп аталатын өнім сияқты табиғи және пайдалы тағамдар барған сайын маңызды бола түсуде.
A2 сүті- бұл құрамында β-казеиннің белгілі бір түрі бар сиыр сүті. Атап айтқанда, Джерси тұқымды сиырлар, Швиц, сондай-ақ кейбір Симментал тұқымды сиырлар негізінен A2 сүтін береді.
Кәдімгі сүт ішкенді ауырсынатын көптеген адамдар A2 сүті жақсы сіңетінін байқап отыр. Кәдімгі сүтті ішкеннен кейін жүрегі айныйтын, іші өтетін немесе іші ауыратын көптеген тұтынушылар A2 сүтін ішкенде ешбір ауырсыну белгілерін байқамаған. Тіпті лактозаға төзбеушілігі бар адамдар A2 сүті жақсы сіңеді деп жиі айтады, бірақ A2 сүтіндегі лактозаның мөлшері A1 сүтінен өзгеше емес.
Тамақтану мәселесінде денсаулық аспектісінін маңыздылығы көптеген адамдар үшін арта түсуде. Сондықтан нарықта «сауықтыру факторы бар» азық-түлік ассортименті үнемі кеңейіп келеді. Әсіресе Жаңа Зеландияда, Австралияда және АҚШ-та A2 сүті және A2 сүт өнімдері нарығында үлкен өсім байқалады.
Бірақ жаңа өндіріс технологиясына көшу ұшін көп қаражат қажет және сиырлардың бірнеше ұрпағы селекциялық жүмыс арқылы өсіп өзгеретін уақыт өтуі керек. Алайда, жоспарлы селекция арқылы табындарды біртіндеп A2-ге ауыстыруға болады.
Уве Веддиге
Фото: A1 сүті A2 сүтінен β-казеиндегі бір ғана амин қышқылымен ерекшеленеді. © eurofins.de