Біздің еңбек әлемі туралы түсінігімізде индустриалды дәуірден қалып қалған көптеген ұстанымдар әлі де бар. Олар аптасына алты күн, күніне 10 сағат қатаң нұсқаулар бойынша жұмыс істейтін өнеркәсіптік жұмысшылар қажет болған заманда пайда болған.
Сондықтан мектептер мен университеттердің оқыту процесінде «пәндік» тәсілі әлі де басым және тәртіп пен бейімделгіштік құпталады. Осы жерде тақырыптық оқытуды енгізу ілгері жасалған үлкен қадам болар еді. Жұмыс берушінің өз тұрғысынан қызметкерлердің көпшілігі бір жағынан «жұмысқа» барып, ал өмірінің мәнін басқа жерден іздейтіндігі ақылға сыйматын көрініс деп санау керек пе? Бұл ескірген түсінік 50 жыл бұрынғы зауыт дәуірінен келе жатыр! ХХІ ғасырға сәйкес болу үшін не істей аламыз?
— Біз бәріміз өміріміздің алтын уақытының көп бөлігін «жұмыста»өткізетінімізді мойындауымыз керек.
— Біз өзіміз үшін көңілге қонымды мағына мен мақсатты анықтап, мықты да батыл бизнес ұстанымызды қалыптастыруымыз керек! Әйтпесе, біз өмірдің мәнін іздеп дәрменсіздік теңізінде адасқандай күй кешеміз.
— Әр таң мен әр кеш сайын біз өз жұмысымыздың мағынасы бар екенін және ол өміріміздің маңызды бөлігі екенін түсінуіміз керек. Біз әрқашан да көбінесе не ойлайтынымыздығының бейнесіміз. Ұстанымдарымызды өзгертуді бастайық!
Уве Веддиге
Фото: © KFM