Көптеген фермаларда қазір малға жылып кеткен азық беріліп жатқанын көріп жүрміз. Көбінесе сүрлем азық араластырғышқа жылып кеткен күйінде түседі. Қызып кетудің алдын алу үшін сүрлем кесіліп алынған соң сол жердің үстіне көбінесе пропион немесе құмырсқа қышқылын бүркіп жатады.
Тәжірибе көрсеткендей, бұл шара айтарлықтай нәтиже бере қоймайды. Өйткені қышқыл жеткілікті тереңдікке енбейді. Жалғыз тиімді шара – траншеядан сүрлемді жылдамырақ алып тұру. Көбінесе бұл үшін рационды өзгерту керек және соның өзгеруінен сүрлем тез желінуі керек.
Қосымша шара ретінде араластыру кезінде және оттықта қайта қызудың алдын алу қажет. Азықтың дәміне әсер етпейтін калий сорбатын немесе тиісті аралас өнімдерді қосу да жақсы нәтиже береді.
Неліктен сүрлем дұрыс дайындалса да, ол қайта қызиды? Оны қыздыратын — оттегінің әсерінен белсенді болатын ашытқы. Ол қалдық қант пен сүт қышқылымен қоректенеді, нәтижесінде азықтың РН көрсеткіші жоғарылайды және сүрлем сағат сайын тез бұзылады. Температура 10 °C жоғарылаған сайын құрғақ заттың әр килограммынан шамамен 0,1 МДж NEL жоғалады. Сәйкес келмейтін техниканы қолдану, дұрыс нығыздалмағаны және траншеядан тиісті жылдамдықпен алынбағандығы, кесіп/бөліп алу барысында сүрлем бетін қопсыту оның қызуына ықпал етеді. Қыста аптасына 1,5 метрден алу жеткілікті болса, жазда 3 м немесе одан да көп алу қажет.
Қорытынды:
- Сүрлемді қопсытпай кесіп алу өте маңызды.
- Қопсытылып шашылған сүрлемді күніне кемінде бір рет толығымен алып тастау керек.
Сондай-ақ, осы тақырып бойынша KFM жобасының «Сүрлемдеу процесіндегі қателіктер» атты тегін жаднаманы қараңыздар.
Уве Веддиге
Фото: Мұнда бәрі дұрыс: жақсы тығыздалған, алыну жылдамдығы оңтайлы, алынған жері қопсытылмаған, шашылған қалдықтар жоқ.