Сүт сиырларының әлеуметтік қажеттіліктері мен жүріп-тұру үлгілері әлі де арғы тегіне  өте ұқсас. Бұл табиғи қасиеттерін түсіну және сиыр үшін “қалыпты” нәрсені білу арқылы ғана біз оның денсаулығы мен психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ете аламыз.

“Жеке сиырдың және бүкіл табынның мінез – құлқы бізге олардың тіршілік ету ортасын қалай жабдықтау керектігі туралы белгі береді, – дейді ветеринар Оуэн, – бұл мал иелерінің оларға деген назарын күшейтеді және оларды ойлауға және әрекет етуге шақырады”.

Сиырларға өздерінің табиғатына сәйкес жұріп-тұру үшін және еркін қозғалу үшін жеткілікті орын қажет. Ол стрессті азайтады, және нәтижесінде әр сиыр жеткілікті жемшөп жей алады. Тек осы жағдайда еден таза болып қалады және тұяқтардың денсаулығы сақталады. Сиырға 10 м2 оңтайлы болып саналады, оның 3-тен 3,5 м2-ге дейін орыны жатуға арналған болуы керек.

Фермерлер әрқашан жануарларын бақылап отыруы керек. Ол жер тар емес пе? Сиырларға қысым жасала ма, олар бір-біріне үстемдік көрсетпейді ме? Тұяқ аурулары бар ма? Қанша сиырдың дене көрсеткіші 2,5-тен аз немесе 3,5-тен жоғары деп бағаланады? Олар өз бокстарында жатқан жерінен қаншалықты жеңіл тұра алады? Сиырлардың жемшөп үстелінде әрбіреуіне қанша орын бар, жем жылып кетпей ме, сиырлар оны сұрыптап жей ме?

Алты маңызды көрсеткіш осыған бастапқы баға беруге көмектеседі:

  • Таза су: күніне 50-130 литр
  • Жемшөп: астаудың ұзындығы 70 см / сиыр
  • Жарық: тәулігіне 16 сағат ішінде 200 люкс
  • Ауа температурасы: 0-15 °C. 22 °C-тан жоғары ентігуге әкеледі
  • Демалу: сиырлар күніне 20 минут қана ұйықтайды, бірақ күніне кемінде 12 сағат жатуы керек.
  • Кеңістік: бір сиырға 10 м2. Жемшөп жеу үшін бір сиырға 70 см қажет. Егер жемшөп берілетін орын тар болса, басым сиырлар әлсіз сиырлардың алдындағы жемшөпті жеп қояды.

Уве Веддиге

Фото: Веддиге