Бәлкім, Сіз жем араластырғышыңыздың таразысының көрсеткіштерін анық білесіз, бірақ ол жоғарыдығы сұраққа жауап беру үшін жеткіліксіз.

Сүрлемде зең қабаттары жиі байқалады. Ондай партиялар сүрлемде болмауы керек, бұл бәріне белгілі. Алайда, мұндай сүрлемдерде болатын әртүрлі микотоксиндер коктейлінің жануарлардың денсаулығына қаншалықты қауіпті екендігі әдетте жете бағаланбайды.

Мес қарынның «детоксикация әсері» туралы жиі айтылады. Бұл ішінара дұрыс: микотоксиндер метаболизмнің аз уытты өнімдеріне айналса да, мес қарынның сезімтал флорасына зақым келеді. Улану салдарынан алдынғы қарын метаболизмінің кез-келген бұзылуы өнімділіктің сипатты емес төмендеуіне әкеледі.

Сүрлемде зең пайда болуы әрқашан да сүрлем технологиясындағы кемшіліктердің белгісі. Жеткіліксіз тығыздалуы, дұрыс жабылмауы және сүрлемді шығарып алудағы қолайсыз стратегиялары ауаның енуіне, демек, зең көбеюіне ықпал етеді.

Не істеу керек? Жем араластырғышты толтырар алдында иістенген бөліктерді және барлық көгеріп ластанған қабаттарын мұқият алып тастаңыз. Пленка әрдайым бірнеше күнге ғана алынады. Қалған пленка ауаның енуіне жол бермеу үшін салмақ салып бастырылуы керек, пленка «үрленбеуі» керек. Сонымен қатар, алу кезінде траншеядағы сүрлем шамадан тыс қопсытылуына жол бермеу керек. Жүргізушілерге сүрлем тұрағышты дұрыс пайдалану туралы нұсқау берілуі керек.

Гигиеналық тұрғыдан мінсіз негізгі жем — бұл жоғары сүт өнімділігі мен жануарлардың денсаулығының негізі болып келеді. Араластыру процесінде жемде зең бөлшектері байқалмаса да, оларға толық қоспа рационында орын жоқ!

Уве Веддиге

Фото: KFM