Берлинде 2022 жылғы Халықаралық Жасыл апта көрмесі болмайды. 21-30 қаңтар аралығында жоспарланған тұтыну жәрмеңкесінің болмайтыны Германия бойынша аурудың өршуі және коронавирусқа байланысты жоспарланып отырған шектеулерге байланысты.

«Халықаралық Жасыл апта» кездесу,  жаңалықтар ашу мен сусын-тағамдардың дәмін татып көру мүмкіндіктерін ұсынуға негізделген. Маскалар және қашықтықты сақтау сияқты  жағдайларда біздің келушілердің «жасыл аптадан» күткендері  ақталмайды», — дейді Messe Berlin компаниясының өкілі Ларс Йегер.

Федералды ауыл шаруашылығы министрлігінің «Азық-түлік және ауыл шаруашылығы бойынша жаһандық форум (GFFA)» іс-шарасы цифрлық форматта өтеді. 2022 жылғы 24-28 қаңтар аралығында виртуалды форумда саясат, бизнес, ғылым және азаматтық қоғам саласындағы 2000-ға жуық халықаралық қатысушылар ауыл шаруашылығы және азық-түлік саясаты мәселелерін талқылайды. GFFA 2022 «Жерді тұрақты  пайдалану: азық-түлік қауіпсіздігі топырақтан басталады»тақырыбына арналған.

Болжам бойынша, келесі Халықаралық Жасыл апта 2023 жылдың 20-29 қаңтары аралығында Берлин көрме кешенінде өтеді.

Уве Веддиге

Фото: berlin.de