Болашақта жаңа GenoCell талдау әдісі табындағы барлық сиырлардың соматикалық жасушалық құрамын цистернадан алынған бір сүт сынамасы негізінде сүттің ДНҚ құрамы бойынша анықтай алады. Бұл әдіс Германияда осы жылдың соңына дейін ұсынылатын болады.

Дәстүрлі әдістерден айырмашылығы, GenoCell талдауында жеке сиырлардың сынамасын алудың қажеті жоқ. Жақсы араластырылған сүт цистернасынан тек бір ғана сүт сынамасы алынады. Сиырдың ДНҚ-сы сүттің соматикалық жасушаларында болатындықтан, цистернадан шыққан сүтте сол күні сауылған барлық сиырлардың ДНҚ- үлгілері болады.

Алайда, табындағы барлық жеке сиырлардың ДНҚ үлгілері сүт сынамасы алынған күні белгілі болуы шарт. Егер сиырдан алынған генетикалық мәліметтер болмаса, оны қан анализі арқылы жинауға болады.

Бірақ сүттің көлемін өлшемей-ақ, цистернадан алынған сүт сынамасы жасушаларының саны өте жоғары болған жеке сиырлар туралы ақпарат бере алады, өйткені талдау нәтижесінде қай ДНҚ жиі анықталғанын көрсетеді. Талдау нәтижесінде сүт сынамасы алынған күні ең коп жасушалары анықталған сиырлар белгілі болады. Содан кейін соматикалық жасушалар саны ең жоғары сиырлар талдау хаттамаларында жасушалар санының кему ретімен тізімделеді.

Бұл әдіс әсіресе табындарды жаңартуда пайдалы болуы мүмкін, өйткені көптеген бөлек сүт сынамаларың орнына бір цистернадан бір ғана сүт сынамасың тексеру қажет.

Дереккөз: LKV GenoCell GmbH

Фото:KFM