Мал шаруашылығындағы биоқауіпсіздік: зарарсыздандыру барысындағы ең жийі кездесетін бес қателік — және сол қателіктердің алдын алу жолдары
1-қате — Дозалау қатесі: дезинфекциялау құралының тым төмен концентрациясынан вирустар, бактериялар және саңырауқұлақтар тірі қалуы мүмкін, нәтижесінде дезинфекция тиімсіз болады. Дәл өлшемейтін құрылғылар дезинфекциялық құралдың тиімділігіне айтарлықтай әсер етуі мүмкін.
2-қате — Төмен температураға байланысты қате: төмен температурада химиялық реакциялар баяу жүреді, бұл белсенді заттардың реакция жылдамдығын төмендетеді. Әсіресе қыста бұл патогендердің таралуы қаупін арттырады.
3-қате — Ақуыздарға байланысты қате: органикалық қалдықтар көптеген дезинфекциялық заттарды байланыстырады немесе бейтараптандырады. Қан, сүт қалдықтары және экскременттер белсенді заттарды бейтараптандырады. Органикалық қалдықтарды алдын ала мұқият кетірмей дезинфекциялау көбінесе қажетті нәтиже бермейді.
4-қате — Сабын мен беттік белсенді заттарды қолданудағы қателік: Құрылғылардың бетіндегі тазартқыш заттардың қалдықтары дезинфекциялау құралдарының тиімсіздігіне әкеледі. Тазалау мен дезинфекциялауды бөлек-бөлек жасау керек. Тазалаудан кейін әрдайым үстін сумен жақсылап жуып, содан кейін дезинфекциялық құралды жағу керек.
5-қате — Қолдану қатесі: әсер ету уақыты тым қысқа, біркелкі бүркілмеу немесе құралдың тым аз мөлшері салдарынан дезинфекциялау нәтижесі жеткіліксіз болады. Сондықтан жабдықты үнемі техникалық қызметтен өткізу, бүріккіштердің шашыратуы мен мөлшерін тексеру және өндіруші ұсынған әсер ету уақытын қатаң ұстану маңызды.
Қорытынды: нақты жұмыс нұсқаулары, калибрленген мөлшерлеу, құжаттама, өндірушінің ұсыныстарын ескеру және қарапайым тексерулер жеткіліксіз дезинфекциялау қаупін айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.
Д-р Юлия Блуменберг, қысқартқан Уве Веддиге