Көптеген шаруалар өз шаруашылықтарында мал басын көбейту мәселелерімен өз бетінше айналыса бастады. Бірақ көбінесе қолдан ұрықтандыруды сәтті жүргізу үшін оларға теориялық және ең алдымен практикалық білім мен дағдылар жетіспейді.
Ірі қараны қолдан ұрықтандыру бойынша немістің ең тәжірибелі жаттықтырушыларының бірі Херман-Йозеф Шмидт осы күндері Асыл түлікте фермерлер мен мал дәрігерлерін оқытып жатыр. Мұндай семинарларды өткізу үшін жақында Астана маңындағы Қосшы қаласындағы асылдандыру орталығы мен KFM жобасы ынтымақтастық туралы келісім жасасты.
Өсімталдықты басқару мен бақылаудың теориялық негіздері, сондай-ақ күйлеу белгілерін тану және ұрықпен жұмыс істеу жаттығуларынан басқа, тренингтің басты назарында, әрине, қолдан ұрықтандыру процесінің өзі болады.
Теориядан кейін жасанды ұрықтандыруды үйретуге қолданылатын Орталық Азиядағы аз модельдердің/үлгілерінің бірімен жаттығулар басталады. «Осылайша, әр қатысушы жатырдың құрылымы мен ұрықтандыру процесін түсіне алады,» — дейді Верден/Аллердегі Mастерринд компаниясының қолдан ұрықтандыру саласындағы оқыту және біліктілікті арттыру жөніндегі 59 жастағы сарапшысы. «Бұл алдын ала жаттығуларды қатысушылар қалағанынша қайталай алады, содан кейін өз дағдыларын сиыр қорадағы тірі жануарлармен жұмыс істеп пысықтай алады,» — дейді Уве Веддиге.
Уве Веддиге
Фото: © KFM