2019 жылдан бастап KFM жобасы еліміздің барлық өңірлеріндегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына сүт өнімдерін өндірудің заманауи әдістерін енгізуге қолдау көрсетіп келеді. Жақында жоба Алматыдан Астанаға көшкеннен кейн, қазақстандық оқу орындарына қолдау көрсету негізгі мақсаттардың бірі болып бекітілді.
Колледждер, кәсіптік оқу орындары мен Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығынан басқа, жобаның серіктестеріне енді Астанадағы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті (ҚАТЗУ) қосылды, ол өзінің керемет жетістіктерімен танымал, 8 факультеті бар және жыл сайын 6500-ден астам студент қабылдайды.
Жақында KFM жобасының жетекшісі Уве Веддиге мен оның орынбасары Айнагүл Аяғанова ҚАТЗУ ректоры Қанат Маратұлы Тіреуовті жоба жұмысымен таныстырды. Осы орайда ҚАТЗУ мен KFM жобасы кең ауқымды ынтымақтастық туралы уағдаласты.
ҚАТЗУ мен KFM жобасы кең ауқымды ынтымақтастық туралы келісті.
Кездесу қорытындысы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум мыналарды көздейді:
- Бірлескен білім беру іс-шараларын өткізу;
- Оқу бағдарламалары мен әдістемелік материалдарды әзірлеу;
- Агроөнеркәсіптік секторда тәжірибе мен білім алмасу.
Университет ректоры, ҚР Ұлттық ғылым академиясының мүшесі Қанат Тіреуов бұл әріптестік қазақстандық сүт шаруашылығын дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын және азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.
Уве Веддиге
Фото © С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, солдан оңға қарай:
Қанат Маратұлы Тіреуов пен Уве Веддиге