Уыз сүті бұзаудың денсаулығы үшін шешуші рөл атқарады. Сиырдың алғашқы сүті антиденелерге бай, осы құрамына байланысты өте құнды, бірақ сонымен бірге сол құнды қасиеттерін тез жоғалтуы мүмкін: ол бактериялардың көріктенуіне тамаша орта. Сондықтан уыз сүті берілетін шелектерді мұқият тазалау бұзаулардың денсаулығы үшін өте маңызды.
Нашар тазаланған шелектерде майдың, ақуыздың және қанттың көп мөлшері бактериялардың көбеюіне ықпал етеді. Миллиондаған микробтар тез дамиды да, келесі рет уыз құйылғанда антиденелерді уыз бұзауларға жеткенше жойып тастайды. Нәтижесінде бұзауларда диарея, пневмония немесе кіндік инфекциясы жиі болады.
Сондықтан уызға арналған шелектерді қолданғаннан кейін бірден жылы сумен шаю керек. Содан кейін құрамында сілті бар жуғыш құрал қолданып жылы сумен (45-60 °C) мұқият жуыңыздар. Соңында 80 °C-тан жоғары ыстық сумен шайып, қораның сыртында таза жерде кептіріңіздер. Ешқашан шелектерді шүберекпен сүртпеңіздер және оларды бір-біріне салып қоймаңыздар.
Еміздік пен тазалау щеткалары туралы жиі ұмытып кетеміз. Оларды да солай үнемі мұқият тазалау керек. Биоүлдір пайда болмайтындай оның алдын алу керек, өйткені ол тұрақты микробтардың көзі. Қосымша ақпаратты KFM жобасының «Бұзауларға арналған шелектерді тазарту» атты жаднамадан табуға болады.
Уве Веддиге
Фото: © KFM