Көптеген жеке консультациялар барысында бұзаулар ағзасына уыз арқылы түсетін антиденелер қаншалықты жеткілікті болады деген сұрақ туындайды. Нақты жауабын қандағы ақуыз мөлшерін анықтағаннан кейін ғана беруге болады.
Әсіресе тұылғанында және тұылғаннан кейін бұзаулар өте жақсы гигиеналық жағдайда ұсталып, бірақ уыз сүтін аз ішсе, диарея қоздырғыштарына сезімтал болуы мүмкін.
Туылғаннан кейінгі екінші және төртінші күндері арасында каротид / ұйқы артериясынан шамамен 3-5 мл қан алынады. Қан сарысуы тұнғаннан соң оның бір тамшысын рефрактометрге тамызады. Бұзауды жеткілікті мөлшерде иммуноглобулинмен қамтамасыз етіп, иммунитетін күшейту үшін қандағы жалпы ақуыздың мөлшері 58 г/л-ден жоғары болуы керек.
Егер көрсеткіш төмен болса, уыздың сапасы мен мөлшерін, сондай-ақ азықтандыру уақытын шұғыл түрде тексеру қажет.
Осындай тексеруді жылына кемінде бір рет 3-10 бұзаудан қан алып өткізіп отыру керек. Егер бұзауларда жиі диарея немесе тыныс алу проблемалары болса, оның себебі уызбен дұрыс азыктандырмау болуы мүмкін.
Уве Веддиге
Фото: © KFM