Сиырлар неғұрлым ұзақ сүт берсе, соғұрлым жақсы. Өсімталдықтың төмендеуі, сондай-ақ желін мен тұяқ аурулары сүтті сиырлардың  жарамсыз болуының негізгі себептері болып табылады. Сүтті үнемді және тиімді өндіру үшін сиырлардың денсаулығын сақтау және оларды мүмкіндігінше ұзақ пайдалану қажет. Өсіру кезінде шығындар пайда болады, олар кейінгі сүт өнімділігі мен өз ұрпақтары есебінен өтелуі керек. Ол үшін ең ұзақ пайдалану кезеңі және бірінші төлдеу жасы сәйкес болуы қажет. Дегенмен, сүтті сиырлар ондай мақсатты жасқа тек жақсы жағдайда өсірілсе ғана жетеді. Бұл өмірдің алғашқы төрт сағатында кем дегенде төрт литр мөлшерінде уыз сүтін беріп дұрыс азықтандырудан басталады. Минералдармен және микроэлементтермен жеткілікті қамтамасыз етілгенде, сондай-ақ жақсы азықтандырылып, қарқынды күтім жасалса ғана олар өздерінің әлеуетін толық аша алады.

Сонымен қатар, жануар өсімтал және сау болуы керек. Бұл үшін сиырдың генетикалық әлеуеті ғана емес, сонымен қатар табынды азықтандыру және басқару да маңызды. Швейцарияда ұзақ мерзім бойы пайдалануға ынталандыру үшін арнайы шаралар қарастылылған: орташа пайдалану мерзімі жеті жылдан асқаннан бастап жыл сайын 200 франк (214 еуро) төленеді. Бұл жағдайда өмір бойы орташа тәуліктік сүт өнімділігі көрсеткіші туралы ұмытпау керек. Бұл көрсеткіш 15 кг кем болмаса ғана, ол сиырды ұстау тиімді деп саналады.

Уве Веддиге

Фото: Үнемді сиырлар ерте төлдеп, ұзақ өмір сүреді © Weddige