Жаңа сүт сауын залынан салқындатқыш танкке түседі. Бірақ одан әрі не болады? Шикі сүт қалай және қайда йогурт, кварк, май және басқа да сүт өнімдеріне айналады?

Салқындатқыш танкіде жаңа піскен шикі сүт 4-8 градус Цельсийге дейін тез салқындатылады және сақталады. Температурасын, иісін және шикі сүттің түсін тексергеннен кейін оны сүт тасығышқа жібереді.

Сүт таситын машина сүт зауытына келгенде, барлық көлемдегі жинақталған сынама ветеринарлық препараттардың қалдықтарының бар-жоғына тексеріледі және pH деңгейі анықталады. Бұдан басқа, жекелеген жеткізушілердің үлгілері бірқатар параметрлер бойынша іріктемелі талдауға жатады.

Одан әрі өңдеу үшін сүт үлкен центрифугаларда майсыздандырылған сүтке және кілегейге бөлінеді. Бұл екі компонент өнімдердің кең спектрін өндіру үшін негіз болып табылады.

Сүт өндіру кезінде қатаң гигиенаны сақтаған кезде де әлеуетті патогенді микроорганизмдерді жүз пайыз жою мүмкін болмағандықтан, оны термиялық өңдеуден өткізеді. Пастерлеу кезінде сүтті 72-75 градус Цельсийге дейін 15-30 секунд бойы қыздырады, содан кейін бірден салқындатады. Пастерлеу сүттегі ауру тудыратын барлық микроорганизмдердің жойылуына, ал барлық маңызды витаминдердің едәуір дәрежеде сақталуына кепілдік береді. Одан кейін «гомогендеу» процессі өтеді. Бұл ретте сүттегі май тамшылары 150-300 бар қысыммен ұсақталады. Бұл сүттің үстінен кілегей қабатының пайда болмауын, сондай-ақ адам ағзасының сүтті жеңіл сіңіруін қамтамасыз етеді.

Майсыздандырылған сүт пен кілегей барлық қалған сүт өнімдері үшін де негіз болып табылады. Мысалы, жақсы сүтті сиырдан бір тәулікте сауылған 27 кг суттен 27 литр қаймағы алынбаған сүт, немесе 6 қорап сары май, шамамен 2 кг майсыздандырылған сүт немесе шамамен 3 кг қатты ірімшік өндіруге болады.

DIALOG MILCH, қысқартқан Уве Веддиге

Фото: KFM