Сіз фермаңызда тұяқ күтімін үнемі жасап тұрасыз ба? Соған қарамастан, сиырларыңыз жиі ақсай бере ме? Көбінесе бұл сиыр қорасында жүруге арналған ылғалды және лас жерлерге байланысты, бірақ тұяққа арналған ванна да инфекцияның себебі болуы мүмкін. Біздің консультацияларымыз кезінде біз белсенді ингредиенттердің дұрыс мөлшерленбегенін талай рет байқадық.
Тұяққа арналған ерітпені шамадан тыс мөлшерлеу кезінде ол теріні тітіркендіреді және зақымдайды. Ол жұқпалы аурулардың көзіне айналады және осылайша жағдайды жақсартқанның орнына нашарлатады. Ал қосылатын заттардың мөлшері жеткіліксіз болса, керісінше, ондай ванна еңбек шығындары мен шығындары тұрғысынан тиімсіз. Дезинфекциялық ванна көбінесе «инфекциялық ваннаға» айналады. Тұяқты тазалайтын ереітінді қосылған ваннаның алдында тұяқты алдын ала тазалауға арналған тағы бір ванна орнатыңыздар. Осылайша, тұяққа арналған негізгі ванна аз ластанады.
Алдын ала тазалауға арналаған ванна мен негізгі ваннаның арасы 1,5-тен 3,0 м-ге дейін болуы тиіс, Тазалау ерітіндісін әр 150 жануардан кейін кешіктірмей ауыстыру керек. Жаңа ерітінді құймас бұрын ваннаны мұқият жуыңыздар. Тұяқ ваннасының алдындағы және артындағы аумақ әрқашан таза болуы және жүйелі түрде тазалануы тиіс.
Ванна ерітіндісінің мөлшері препараттың шоғырлануы мен тұяқты ваннаның көлемін ескере отырып, дәл есептеудің көмегімен анықталуы тиіс. Оны есептеп шығару мысалдары бар біздің жаднамамызды жүктеп алыңыздар.
Тұяққа арналған күту, тазарту ванналары микробтардың жалпы қысымын төмендетеді, бірақ оны емдей алмайды. Тұяқ ванналары қандай жақсы болса да, тұяқтарды тұрақты түрде өндеу, сонымен қатар мал жүріп-тұратын жерлердің тазалығы өте маңызды екендігі тұралы ұмытпау керек.
Уве Веддиге
Сурет: KFM