Көптеген сиырлар төлдегеннен кейінгі алғашқы 14 күнде жұқпалы және метаболикалық ауруларға шалдығып жатады. Мұның себебі көбінесе жануардың суалған кезеңнен лактацияға ауысу кезіндегі метаболизмінің күрт өзгеруі болып табылады.

Осы ауысуға байланысты стрессті азайту үшін сиырларды төлдеуге жақсылап дайындау қажет. Ол үшін сиырлардың суалу кезіндегі менеджментті мұқият тексеру керек. Орналасу тығыздығы, суалу кезеңнің ұзақтығы және азықтандыру да негізгі бақылау нүктелері болып табылады.

Төлдегеннен кейінгі алғашқы 10-14 күнде барлық сиырлардың жағдайын күнделікті жүйелі түрде тексеріп тұру керек. Тексеру жануардың азықтануын, зейінін (құлақ пен көз) алдынан бақылаудан басталады. Содан кейін аш шұңқырдың толғандығын (жемшөп тұтыну көрсеткіші), нәжістің консистенциясын, қынаптық бөліністерін, кетозды және температураны тексеру керек. Әрбір жануарға кем дегенде бір-екі минут ұақыт кетеді. Егер осыны жаттыққан қызметкерлер барынша ұқыптылықпен, керекті құжаттамасымен жасайтын болса, бұл әдіс ауру жануарларды анықтаудың алтын стандарты болып табылады.

Уве Веддиге

Фото: KFM