Сауын залына алғаш рет келген жас сиырлар үрейленіп, мазасызданатыны бәрімізге таныс жағдай. Олар үшін барлығы дерлік жаңа: сауын залындағы жағдай, бейтаныс шу, оғаш иістер, сауыншы, желінге тию және сонымен қатар сауу аппаратын тағу. Мұның бәрі жануарларды үлкен күйзеліске әкеледі. Нәтижесінде олар сауу құрылғысын орнатуға мүмкіндік бермейді, сүт шықпай қояды.
Бұл жағдайда сиырдың қынапшасына ауа енгізу тәсілі көмектеседі. Бұл көптеген жылдардан бері таныс әдіс сүт шығару процесін іске қосатын «Фергюсон рефлексі» деп аталады. Зерттеулер көрсеткендей, қынапқа ауаны үрлеу нәтижесінде қандағы окситоцин деңгейі желінді қолмен ынталандырумен салыстырғанда жеті-он есе жоғарылайды!
Үрлеу әдісі гормондарды пайдалануды азайтуға және жануарларды ауыртпалықсыз, өте жағымды және жұмсақ тұрде тыныштандыруға көмектеседі.
Бұл әдіс ірі қара малмен жұмыстың кез-келгенін жеңілдетеді, мейлі ол желіннің қабынуын жергілікті емдеу, тік ішекті тексеру, вакцинация немесе дәрі-дәрмектерді беру болсын.
Ауаны кері қайтартпайтын клапанмен жабдықталған ауыстырылатын мүштігі, ұзындығы шамамен 1,20 м силикон шлангісі бар ұзындығы шамамен 30 см тот баспайтын болаттан жасалған түтік қолданылады. Түтікті қынапқа енгізгеннен кейін (шамамен 10 см жеткілікті), сіз 2 рет үрлеп, 4-5 литр ауа шығарып, тыныштандыратын әсердің бірден пайда болғанын көресіздер.
Осы тақырып бойынша толығырақ кеңестерді KFM жобасының «Blowfixx үрлеу әдісі туралы» жадынамасынан оқи аласыздар.
Уве Веддиге
Фото: BoviTools