Қорада байланбай ұсталынатын сиырлар еркің жүріп тұра алады, бірақ сонымен бірге қызмет көрсетуші персонал үшін де, жануарлардың өздері үшін де жарақат алу қаупі арта түседі. Сондықтан мүйізсіздендіру практикалық және кең таралған әдіс болып табылады. Бұл процедураны бұзаулардың тұғанынан алғашқы 14 күнінде термиялық кескішпен жүргізу ұсынылады. Бұл жаста мүйіз бүршіктері салыстырмалы түрде әлі де кішкентай және жануарларды бақылау да оңайырақ. Мүйіз бүршігі пен оның айналасындағы тіндер арасында қабықшалар болмаған жағдайда ғана мүйіздің өсуін шектеу мүмкін. Германияда бұзауларды алдын ала седациялау міндетті тұрде өтеді, Қазақстанда — ұсынылады!
Жан-жақты практикалық тестілеу нәтижесінде 220 В батареямен жұмыс істейтін құрылғылар пайдаланудың қарапайымдылығы талаптарына сай келеді және мүйізді күйдіру әрқашанда сәтті өтеді. Газбен жұмыс істейтін құрылғылар да жақсы нәтиже көрсетті, бірақ қолайлы газ баллондарының болуын үнемі қадағалап отыру қажет. KFM командасының тәжірибесіне сәйкес, ауаны қыздыру арқылы жұмыс істейтін құрылғыларды пайдаланған қиындау, өйткені сыртқы температура төмен болса, күйдіруге жеткілікті температураға дейін қыздыру мүмкін бола бермейді. Нәтижесінде мүйізді күйдіру тым ұзаққа созылады, бұл мүйіз айналасындағы тіндерді аса қыздыруға және соның салдары ретінде, зақымдануына апарады.
KFM ұжымы 2024 жылдың наурыз айынан бастап «Байсерке-Агро» жанындағы сүт өндіру құзыреттілігі орталығында бұзауларды мұйізсіздендіру бойынша практикалық сабақтар өткізетін болады. Осы тақырып бойынша нұсқауларды KFM жобасының жаднамасында табуға болады.
Уве Веддиге
Фото: KFM