Көгерген жемшөп сиырлардың денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіреді.
Зең токсиндері көп жағдайда бактериялық ас қорыту процестерін бұзады. Егер месқарын бактериялары өлсе, күйіс қайыратын малдың асқазанында толық ас қорыту процесі бұзылады, сонымен қатар ішектің шырышты қабығының микотоксиндермен тікелей зақымдалуына байланысты қатты диарея мен іштің бұрап ауруы жиі кездеседі.
Ластанған жемді жейтін көптеген сиырлар желін немесе өкпенің жедел қабынуынын зардап шегеді. Сонымен қатар, көгеру токсиндерінің әсерінен туындаған тұяқ дермасының зақымдануы жиі кездеседі, бұл ламинит ауруының жоғарылауына әкеледі.
Зеңдердің өсуі үшін оттегі қажет, сондықтан тиісті пленкаларды қолдана отырып, сүрлемнің жақсы жабылуы және дұрыс тығыздалуы маңызды. Сүрлемді алу кезінде оның қопсытылмауын қамтамасыз ету керек, алынған жерлері тегіс және тығыз болуы керек.
Шөп пен сабан теңдері де көгеріп кетуі мүмкін, әсіресе сыртта сақталатын болса. Дәнді дақылдар қоспалары мен концентрацияланған жемшөптерді қолданар алдында әрқашан көгермегенін тексеру керек.
Уве Веддиге
Фото: KFM