Сіздердің бұзауларыңыз күніне 1000 грамнан артық салмақ қосады ма? Шындығына келгенде, сіздер жануарларға арналған таразының болмауына байланысты бұл маңызды көрсеткішті білмейсіздер ме? Балама ретінде бұл жағдайда өлшеу таспасымен де кеуде көлемін өлшеп салмағын білуге болады. Бірақ бұл шамамен 20 евро тұратын және тікелей иықтың артына, яғни алдыңғы аяқтардың артындағы ең тар жерін өлшейтін таспаларының көрсеткіштері қаншалықты сенімді?

Малдың ұсталынуы мен тамақтануы туралы мәлімет беретіндей қандай көрсеткіштер маңызды? Өмірдің алғашқы апталарында күнделікті 850 г-нан артық салмақ қосу және өмірдің 56-шы күніне қарай туғандағы салмағы екі есе көбеюі бұл жерде маңызды көрсеткіш болып табылады.

1400-ге жуық бұзауды қамтитын ауқымды зерттеуде өлшеу таспасы мен таразыны пайдалану арасындағы үлкен айырмашылықтар анықталды, әсіресе 70 кг-нан аз салмаққа қатысты. Өлшеу таспасы салмақты асыра  көрсеттті: Салмағы 60 кг бұзауларда 3,5 кг ауытқу күнделікті өсімнің шамамен 100 г айырмашылығын құрады!

80 кг салмақтан бастап, эксперимент барысында анықталған салмақта онша маңызды ауытқу болмады. Айырмашылық тек бір-екі килограмм құрады, ал күнделікті салмақ қосу кқрсеткішіне айтарлықтай әсері болмады.

Қорытынды: салмағы 100 кг-нан төмен бұзауларды өлшегенде өлшеу таспасы ұсақ бұзаулардың салмағын асырып көрсетеді және осылайша күнделікті салмақ қосу көрсеткіштерін бұрмалайды. Алайда, тірі салмағы 100 кг-нан асатын ересек бұзаулар үшін өлшеу таспасы практикалық балама болып табылады. Бұл салмақ диапазонында ауытқулар әлдеқайда аз және соншалықты маңызды емес.

Уве Веддиге  (дереккөз: proteinmarkt.de)

Фото: КFM