Ветеринар көбінесе сиыр ауырған кезде шақырылады. Егер жануарлар мүлдем ауырмаса жақсы болар еді. Сондықтан доктор Йоахим Клин: “егер денсаулықты жақсартатын болсақ, онда малымыз өнімді де ұзақ өмір сүретін болады”, – деп кеңес береді.

Жақында жануарлар денсаулығы жөніндегі халықаралық сарапшы қазақстандық әріптесі Әсет Ерғалиевпен бірге KFM ұжымының консультативтік жұмысын қолдады. Осы екі ветеринар Уве Веддиге және Айнагүл Аягановамен (екеуі де-KFM) бірге Қазақстанның солтүстігіндегі алты пилоттық фермаға барды.

“Фермерлер теңдестірілген жем беріп көбірек сүт алғысы келеді. Бірақ көбінесе сиырлар бұзаулағаннан кейін көп ұзамай ауырады”, – деп түсіндіреді жоба жетекшісі Уве Веддиге. Осыған байланысты доктор Клин жаңа бұзаулаған сиырларды қатаң бақылаудың артықшылығын атап өтті: “Бұзаулағаннан кейін әр сиыр ерекше назар мен бақылауды қажет етеді”.

Бірақ болашақта лактация кезінде тыртықтағы рН мәніне қайта-қайта назар аудару керек. Көбінесе сиырлар тамақты қатты сұрыптайды, ал әртүрлі жем құрамы РН-да ауытқуды тудырады. Нәтижесінде көптеген жағымсыз салдары бар метаболикалық проблемалар болуы мүмкін. Шешім әрдайым бірдей жем құрамын пайдалану болып табылады. Осының арқасында табын тынышталады, құрғақ заттарды тұтыну артады, әсіресе жас сиырлардың денсаулығы жақсырақ болады. “Оттықтын қасында аз уақыт тұру тұяқтардың денсаулығына жақсы, жем де жақсы қалыпта болады, ал ашбүйір тола түседі”, – деп түсіндіреді доктор Клин.

Малды байламай ұстайтын фермалардың барлығында дерлік сиыр тұратын жерде резеңке едені бар. Оның үсті құрғақ болып тұру үшін міндетті түрде ұсақталған сабан салып қою керек. Сонда сиырлар ұзағырақ жата алады, бұл зат алмасуы жақсы болу үшін өте қажет. Доктор Клин мен Әсет Ерғалиев сиыр жататын жер құрғақ және таза болуы да ретке келтірілген сауу процесі мен техникасы сияқты желіннің денсаулығы үшін маңызды екеніне сенімді.

Уве Веддиге

Фото: KFM