Жұмсақ еден жануарлардың денсаулығы үшін маңызды. Бұл дене салмағының жататын жердің бетіне біркелкі түсуінің жалғыз әдісі.
Сиыр тұрған кезде оның дене салмағының үштен бір бөлігі шынтақ буындарына түседі. Сырылған жерлердің немесе буындардың ісінуін болдырмас үшін, жататын орынның беті салмақтың біркелкі түсуін жеңілдетуі керек.
Сиырлар қалыңдығы 25-тен 50 мм-ге дейін төсеніші бар орынды жақсы көреді. Төсеніш шамамен 20 мм дей басылуы керек. Өкінішке орай, кеңінен қолданылатын асты поролон төсеніштер бірнеше жылға ғана жарайды; корпусы қуыс резеңке төсеніштер әлдеқайда берік. Сондай-ақ, төсеніштер жылыны жақсы сақтайтын болуы керек.
Төсеніш салмаса болмайды! Нәжістің және зәрдің қалдықтарын байланыстыру үшін жыл бойы қораға төсеніш салуды ұмытпаңыз. Ұсақталған сабанды қолданған дұрыс, бірақ ұзыны да жарайды. Үгінділер көбінесе үлкен бөлшектердің әсерінен денеге батады.
Аздап ылғалданған ұсақтап кесілген сабан мен ұсақталған әк (CaCO3) қосындысы әсіресе тиімді екен. Алайда, төсеніш ешқашан оған қол тигізгенде ылғал сезілетіндей ылғал болмауы керек,. Көгерген немесе шаңды сабан партияларын пайдаланбаңыз. Сиыр жататын жерді күніне кемінде екі рет тазалаңыз және әрдайым жаңа төсеніш төсеңіз.
Алдымен, бұл жүйені бүкіл кәсіпорын үшін стандарт ретінде еңгізер бұрын, қораның жеке бөліктеріндегі көң тазалау техникасының функционалды сенімділігін тексеріңіз.
Уве Веддиге
Фото: KFM