Тағы да міне желтоқсан айы, сонымен қатар жақында осы жыл да аяқталады. Сіздер үшін және сіздердің жануарларыңыз үшін 2021 жыл қалай өтті? Жем сапасы мен өнімділік қанағаттанарлықтай ма? Сіз биылғы жылы сүт өнімділігін арттырып, жануарлардың денсаулығын жақсарта алдыңыз ба? Сіздердің өндірістеріңіздің табыстылығы қалай дамып келе жатыр?
Енді 2022 жылға арналған мақсаттарыңызды жазатын уақыт келді. Сіздерде мақсаттар кестесі бар ма? Жазылған мақсаттар тезірек іске асады. Сондықтан біз осы стратегияны ұсынамыз:
- үш, ең көбі төрт негізгі мақсатты жазыңыз;
- мақсатқа жету керек күнді/мерзімді анықтаңыз;
- аралық мақсаттарды белгілеңіз.
- оларды кеңседегі көрнекті жерге іліп қойыңыз.
Өзіңінздің жоспарларыңызда шаруашылығыңыздың мықты жақтарына сүйеніңіз. Мақсаттарыңыз жеке өздеріңізге және шаруашылықтарыңызға сай болса ғана сіздер оларға жетесіздер. Сіздердің ниеттеріңіз туралы бәрі білу үшін міндетті түрде жоспарларыңызды ұжымдарыңызбен талқылаңыздар. Сіздің қызметкерлеріңізде басқа идеялар болуы мүмкін.
Бірақ есте болсын: мақсаттарыңыз нақты болуы керек. Егер сіздер оларға қол жеткізуге болатынына сенсеңіздер, олар жүзеге асырылады.
2022 жылға осындай мақсаттар қоюға болады:
- қызметкерлермен байланысты жақсарту, фермада не болып жатқандығы туралы оларды толығырақ хабардар ету;
- айына бір рет жем шығындары мен жем шығынымен салыстырғандағы кірісті есептеу;
- аралас рационды үнемі бақылау.
2022 жылға мақсаттарыңызды жазу үшін келесі бірнеше аптаны пайдаланыңыздар! Сіздер үшін қандай мәселелер маңызды? Сіздер не нәрсеге қол жеткізгіңіз келеді және қандай мерзімге? KFM ұжымы жоспар құруда сіздерді қолдауға қуанышты болады.
2022 жыл сіздер үшің сәтті басталуын тілейміз.
KFM ұжымы