Неміс Аграрлық орталығындағы семинар: жұмыс бұзау қорадан басталады!

Бұзаудың дамуының кешігуі, қайталана беретін диарея, уыз сүтті көп тұтыну: көптеген фермаларда бұзау өсіру оңай емес. Тек сау бұзаулар ғана сау сүт сиырларына айналады!

Консультанттардың күнделікті тәжірибесінде дәлелденген он кеңестің көмегімен Уве Веддиге сиырлардың жайлылығының бұзаулардың денсаулығына әсері туралы түбегейлі білім берді. «Суалту кезеңі — бұл сүт сиырлары үшін демалыс сияқты. Олардың денсаулығы жақсы болғанда ғана бұзаулары сау және мықты болып туады», — дейді сарапшы.  Сиырды бұзаулатуға арналған сабаны мол төсеніші бар қоршаулар тиімді екені анықталған. Ұызды уақтылы ішу өмірдің сау басталуы үшін өте маңызды, ал келесі апталарда бұзауды сәтті өсіру үшін оларға сұт-жем беру кестесі де аса маңызды. «Мұнда үнемдеу  қажет емес, әсіресе қыста күніне 6-7 кг сүт беру — ол  өте аз», — дейді Уве Веддиге, фермалардағы жағдайды сипаттай келе.

Жануарларды үнемі бақылау және олардың денсаулығын тексерудің орынын ештеңе толтыра алмайды.»Әсіресе пневмония және диарея жағдайында уақытты өткізіп алмау керек», — деп Айнагүл Аяганова бұзаулардың денсаулығы туралы өз сөзінде ескертті және қатысушыларды мұндай жағдайларда тез және дәйекті әрекет етуге шақырды. «Көп жағдайда емдеу шараларын өткізу қажет, бірақ алдын алудың барлық мүмкіндіктерін пайдаланған дұрыс», — деді мал дәрігері Әсет Ерғалиев сүт табындарында вакцинациялаудың тексерілген стратегияларын ұсына отырып.

Уве Веддиге ұсынған  бұзауларға беретін құрғақ жемнің негізінде жасалатын қоспа рационына қатысты қарқынды пікірталас Олеся Кобзеваның (DAZ) басшылығымен өтті. «Бұл қоспалар сүт беру кезеңінде қосымша жем ретінде пайдалану үшін өте жақсы, оларды жасау оңай және олар бірнеше апта бойы жақсы сақталады, сонымен қатар бұзаулар оны жақсы көтереді», — дейді кеңесші.

Чаглинкадағы бір күндік іс-шараға қатысушылар сиыр мен бұзаудың денсаулығы арасындағы байланыс туралы және бұзаудың туылғанан бастап сүт беретін сиыр болғанға дейін әсер ететін көптеген факторлар туралы алған білімнің маңыздылығын атап өтті. Неміс Аграрлық Орталығында өткен бір күндік іс-шараның 35 қатысушысының бірі:» барлық процесстерді тұтас түсіну — сүт өндірудегі табыстың негізі болып табылады», — деп қорытынды жасады.

Уве Веддиге