Кәдуілгі сиыр сүтіне қарағанда сиырлар 20 есе көп D3 дәрумені бар сүт бере алады.
Баварияда Армин Хегенауэр қорасында сиырлар жататын жердің үстінде жоғарыда бес шам ілулі тұр. Олардың жарығы күн сияқты әсер беріп жануарлардың денесінде D3 дәрумені өндірілуін ынталандырады, мұнда күнге күйю қауіпі болмайды.
Мал дәрігері Петер Цигердің пікірі бойынша, осы арнайы шамдардың қосымша жағымды тағы бір әсері бар: жануарлардың хал-жағдайы мен денсаулығы жақсарады. Мал дәрігердің байқауынша, жануарлар әлдеқайда тыныш болып және денсаулықтары да әлдеқайда жақсарған сияқты.
Шамдарды орнатқаннан кейін Армин Хегенаудың сиырларында желіннің қабыну ауруы әлдеқайда азайды. Жылына бір немесе екі жануарда ғана кездеседі. Және онын айтуынша, сиырларды ұрықтандыру нәтижелілігі бұрынғыға қарағанда жақсарды. Бұл сиырлар өздерін жақсы сезінетіндігінің белгісі.
Шамдар күніне 16 сағат бойы жанып тұрады. Қора іші 8 сағат бойы қараңғы. Күн-түн ырғағы, жаздың ортасындағыдай. Сиырлар маусымдық өзгерістердің жоқтығын байқамайтын сияқты, дейді ветеринар Питер Зигер. Керісінше:»оларға осы күнделікті тәртіп ұнайды».
Бұрын сиырлар жайылымда көп болған, сондықтан олардың сүтінде D дәрумені де көп болатын, дейді D3-сүтін сатумен айналысатын Сабина Обермайер. Оның компаниясы «күн дәрумені бар сүтін» сатады, бір литрі 2,19 — 4,19 евро аралығында.
Алайда, адам D3 витаминін тамақпен бірге қандай көлемде қабылдау қажет деген сұрақ туындайды. Егер адам күн сәулесінің астында көп болса, оның ағзасында бұл витамин өзі өндіріледі. Сондықтан бәрі оның далада таза ауада қанша болатынына байланысты. «Егер сіз күн сәулесіне шықпасаңыз, сізге қосымша D3 дәрумені қажет», — дейді Бонн университетінің тамақтану жөніндегі маманы профессор Петер Штеле.
Уве Веддиге
Фото: Карстен Веддиге