Мал денсаулығы тұрғысынан пилоттық фермаларда жағдай қалай? Желіннің немесе тұяқтың ауруларына байланысты проблемалар қалай шешіледі? Дұрыс жемделмеген немесе толық егілмегендіктің салдарынан қандай проблемалар туындайды және малдың көбеюі мен бұзаудың өсуін қалай жақсартуға болады?
Алдағы бірнеше ай бойы тәжірибелі мал дәрігері пилоттық фермалардың басшыларымен кездесіп, малдардың ұсталынатын жағдайын өз көзімен көріп, сиырлардың, төлдер мен бұзаулардың деңсаулығын тексереді. Ол сонымен қатар фермаларда сынамалар алады. Оларды өзі талдап, малды сауықтыру туралы кеңестер береді.
Ерекше ештеңе жоқ сияқты, бірақ Әсет Ерғалиевқа қазақстандық сарапшы ретінде өткізетін жергілікті сапарлары барысында неміс мал дәрігері д-р Хуберт Буер онлайн-қолдау көрсетеді. Екі сарапшы табындардағы медициналық тарихты бірге талқылайды, сонымен бірге диагноз қойып, емдеу және алдын-алу шаралары бойынша ұсыныстар жасайды.
Сонымен қатар, олар KFM ұжымына фермаларда мал денсаулығын қадағалау шараларын үйрету үшін маңызды кеңестер береді, өйткені бірқатар мәселелерді фермерлердің өздері малдың дене температурасын, қозғалыс белсенділігін, руминациясын және су ішуін жақсы бақылау арқылы анықтап шеше алады. Денсаулыққа қатысты проблемалар туралы жануарлардың иелері неғұрлым ертерек білсе, соғұрлым олар тезірек әрекет етіп, аурулардың дамуын бәсендете алады.
Бұл нәтижелер мен тәжірибе сүт өндірушілер мен ветеринарларға пайдалы болатыны анық. KFM жобасы өзінің жұмысы барысында мұндай ақпаратты фермерлер әрқашанда қандай қызығушылықпен қабылдайтынын көріп жүр: олар өз жануарларының сау болғанын қалайды.
Уве Веддиге