Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарындағы 15 сүт фермері жоба бойынша қарқынды консультацияларға қатысуға мүмкіндік алады. Айнагүл Аяганова мен Адил Рахимов фермалардың 100-ге жуық жетекшісімен интервью жүргізді. Көп сұрақтардан тұратын сауалнаманың көмегімен 40 әсіресе мүдделі фермерлер анықталды. Келесі кезеңде екі қазақстандық сарапшы бұл фермаларға Уве Веддигемен бірге барады және фермалардың басшыларымен олардың мақсаттары, стратегиялары, мүмкіндіктері мен дамуын тежейтін факторлар туралы сөйлеседі. Сапардан кейін жобаның барлық серіктестерімен бірге пилоттық фермаларды іріктеу жүргізіледі.  Бұл жұмыс  жиналған  ауқымды деректер, құжаттама, сондай-ақ ашық көрсеткіштер негізінде жіргізіледі.

Келесі жылдары пилоттық шаруашылықтар халықаралық және қазақстандық сарапшылардан ауқымды жеке консалтингтік қызметтер алады. Осы қызметтердің өзегі дамуға инвестицияларды табысты іске асыру, өндірістік процестерді оңтайландыру және мамандар мен менеджерлердің біліктілігін арттыру мәселелері бойынша консультация беру болады. «Барлық шаруашылықтар үшін біз жыл сайын әлсіз жерлер талдауын жүргіземіз және құрылыс пен техника, азықтандыру мен өсіру, малдардың денсаулығы мен жайлылығы, сондай — ақ басқа да көптеген тақырыптар бойынша кеңес беру қызметтерінің кең спектрін ұсынамыз», — деп түсіндірді Уве Веддиге. Сонымен қатар, кеңесшілер тобы ақпараттық бюллетеньдер мен маусымға сәйкес брошюраларды үнемі жариялауды жоспарлап отыр, ал кең ауқымды оқу курстары мен семинарлар қызметтер спектрін толықтыра түседі, деп қосты ұжымның 61 жасар жетекшісі.

Пилоттық фермалар инвестициялауға және өзгерістерге дайын болады деп күтілуде, әсіресе, олардың биологиялық және экономикалық деректердің есебін жүйелі түрде жүргізуге және оларды жүйелі талдау үшін ұсынуға дайын болуы маңызды. Шаруашылықтардың жоба ұжымына қатысты ашықтығы және фермада өткізілетін жобаның жұмыстары аясында ынтымақтастыққа, сонымен қатар жоба ұжымымен ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа дайын болулары келісімшартта бекітілетін болады.

Google картасы: KFM